ФИЗИКА МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (АКТ) ЕНГІЗУ

Автор(лар)

  • Ілиясова А.Қ. Еуразия ұлттық университеті
  • Нурбекова, Г.Ж.
  • Жандильдинова А.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.020

Кілт сөздер:

оқыту, ағылшын тілі, кәсіби ағылшын тілі, физика, студенттер, дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, университет оқытушылары

Аннотация

Бұл зерттеудің негізгі бағыты физика мамандықтарында оқитын студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы ағылшын тілін оқыту мәселесі болып табылады. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әртүрлі оқу материалдары мен интерактивті платформаларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді және оларды оқыту үдерісінде пайдалану білім алушылардың ынтасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Физика мамаандықтарында оқитын білім алушыларға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы ағылшын тілін үйрету оқытушылардан көп күш жұмсауды талап етеді, мұның себебі физика мамандықтарында оқитын білім алушылардың басқа мамандықтарда білім алатын студенттерден ерекше қажеттіліктері мен оқу стильдері бар. Мақаланың мақсаты физика мамандықтарында оқитын студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың қазіргі жағдайын анықтау және оларға ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша бірнеше ұсыныстар беру. Деректерді жинау үшін зерттеуге еліміздің түрлі университеттерінде сабақ беретін 61 оқытушы қатысқан сауалнама әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттер ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға оң көзқараспен қарайды. Дегенмен, физика мамандықтарында оқитын білім алушыларға ағылшын тілін оқытуда белгілі бір қиындықтар бар, олар шектеулі ақпараттық әдебиеттер немесе жаңа мазмұнмен айналысуға уақыттың жеткіліксіздігі. Бұл зерттеудің авторлары түрлі интерактивті веб-модульдерді құру, видео материалдар, подкасттар, тіл үйренуге арналған қосымшаларды пайдалану және виртуалды зертханаларды қосу физика мамандықтарында оқитын білім алушылардың ағылшын тілін меңгеруін арттыруға ықпал етеді деп болжайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles