ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.034%20Кілт сөздер:
химияны оқыту, құзыреттілік, бағалау, тест тапсырмалары, зертханалық жұмыстар, жоба әдісі, портфолио әдісі, эссеАннотация
Бұл мақалада химияны оқыту нәтижелерін көрсететін құзыреттіліктерді бағалау әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың құзыреттіліктерін объективті және ашық бағалау маңызды орын алады. Критериалды бағалау жүйесі осы талаптарға сәйкес келіп, оқушылардың оқу жетістіктерін нақты критерийлер негізінде бағалауға мүмкіндік береді. Химия пәнінде құзыреттіліктерді бағалау үшін әртүрлі әдістер қолданылады (тест тапсырмалары, зертханалық жұмыстар, жоба әдісі, портфолио әдісі, эссе).
Мақалада химияны оқытудағы құзыреттіліктерді бағалау әдістерінің ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігі тәжірибе жүзінде зерттеледі. Тест тапсырмалары оқушылардың теориялық білімін және оны қолдану қабілетін анықтауға бағытталған. Зертханалық жұмыстар тәжірибелік дағдыларды, эксперимент жүргізу және нәтижелерді талдау қабілеттерін бағалайды. Жоба әдісі оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Портфолио әдісі оқушының оқу барысында жинақтаған жұмыстарын талдау арқылы оның жетістіктерін кешенді бағалауға мүмкіндік береді.Эссе жазу оқушылардың химиялық тақырыптар бойынша өз ойларын жүйелі түрде жеткізу және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін бағалайды. Жоғарыда аталған бағалау әдістері оқушылардың химия пәні бойынша құзыреттіліктерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді және оқу процесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Жұмыстың мақсаты химияны оқыту барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру нәтижелерін бағалау әдістерін анықтау, оларды қолданудың тиімділігін зерттеу және осы әдістер негізінде оқыту сапасын арттыру жолдарын ұсыну болып табылады.Алдын ала тестілеу жүргізіліп, оқушылардың бастапқы білім деңгейі анықталды.Оқыту барысында эксперименттік топта заманауи әдістер мен технологиялар қолданылды (виртуалды зертханалар, топтық жұмыс, проблемалық оқыту). Сабақ соңында екі топ оқушыларына бірдей тапсырмалар берілді, нәтижелері салыстырылды. Мақалада құзыреттілікке бағытталған бағалау жүйесі оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Қарастырылған әдістерді тәжірибеде қолдану тиімділігін зерттеу және жетілдіру маңызды болып қала береді.