ШЕТТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2020.58.3.005Кілт сөздер:
құзыреттілік, құзыреттіліктер, білім берудегі құзыреттілік тәсіл, шеттілі мұғалімінің кәсіби педагогикалық құзыреттілігінің құрылымыАннотация
Мақала «Шеттілі оқытушысының кәсіби құзыреттілігі» ұғымын анықтаудың өзекті мәселесіне арналған. Жаңа стандарттарды енгізу барлық оқутышыларға маңызды міндеттер қойды. Біздің кәсіби өмірімізге мемлекеттік білім беру стандарты енді. Бірақ білім беру жүйесінде қандай реформалар болмасын, олар қандай да бір жолмен мұғалімге тікелей әсер етеді. Демек, қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту жағдайында шеттілі оқытушысының кәсіби құзыреттілігі ерекше мәнге ие болады. Бұл мақалада шеттілі мұғалімінің мамандығына қатысты осы тұжырымдаманың әртүрлі түсіндірмелері қарастырылады. Осы тұжырымдаманың құрылымын анықтай отырып, автор студенттерді педагогикалық қызметке даярлау стратегиясын көрсетеді.