A БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ МАТЕМАТИКАҒА ОҚЫТУДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.030Кілт сөздер:
оқыту, белсенділік, математика, дифференциалдық теңдеулер, жанама, қисық, сәуле, фокусАннотация
Аңдатпа. Мақалада математик білім алушылардың қабілеттерін дамыту үшін жоғары оқу орнында қолданбалы есептерге, жобалау оқытуға, компьютерлік математиканы кеңінен пайдаланудың маңызы зор екендігі келтіріледі. Мақсаты - математик білім алушыларды кәсібилікке бағыттауда пәнаралық байланыс арқылы қолданбалы есептерді шығару мен жобалау дағдыларын дамыту, бағалау. Тәжірибеге сүйенетін эмпирикалық әдісте аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, компьютерлік кескіндеуді қолдану арқылы білім алушылардың қолданбалы есеп жайындағы түсінігінің, қызығушылығының артуы, білім деңгейін өзі бақылауы және қателіктері үстінде жұмыс жасай білуі, есте сақтауы, зейіні, түсінігінің дамуы үдерісі қалыптасуымен мәнді. Яғни, білім алушылармен жүргізілген сабақ барысы алдын меңгерген білімдерін, пәнаралық байланыс бойынша өзінік теорияларға және бақылау, сипаттау, салыстыру, өлшеу, модельдеулерді пайдалану, әдебиеттерді зерделеу жатады.
Жобалау оқыту білім алушылардың санасында құрылуы және оларды жүзеге асыру үшін белсенділігін көздейтін іс-әрекет. Жобалау білім беруге негізделген қолданбалы есептер арқылы оқыту - дидактикадағы ең құнды жетістіктердің бірі. Соның ішінде дифференциалдық теңдеулерді оқытудағы қолданбалы бағытты Р.М.Асланов, В.С.Корнилов, Б.А.Найманов және т.б. зерттеушілер өз жұмыстарында қарастырды. Бірақ бұл жұмыстарда қолданбалы есептерді оқытуда жобалау оқыту мен бағалаудың өзіндік ерекшеліктері байқалмайды. Бұл жұмыс қолданбалы есептер арқылы жобалауға дайындау және 2- әдебиетте берілген бағалауға сүйенеді. Зерттеу әдістерінің нәтижесінің болжамы есептердің қолданысын қарастыру арқылы математика мамандығы білім алушыларының танымдық іс-әрекетін, өзіндік жұмысын жетілдіруде ынталандырушы ретінде, жобалауға бейімдеуге қызмет етеді.





