АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ СЕРТИФИКАТТАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАЙЫНДАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАҚТЫЛЫҚ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.017Кілт сөздер:
кәсіби біліктілік, педагогикалық сертификаттау, ағылшын тілі, халықаралық стандарттар, шағын біліктіліктер, модульдік тәсіл, кәсіби құзыреттілік, білім беру контекстіАннотация
Бұл мақала Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесіне арналған, бұл жаһандану жағдайында және ағылшын тілінің халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлінің артуымен ерекше маңызға ие. Мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі – заманауи оқыту әдістерін меңгеру және оларды білім беру тәжірибесінде тиімді пайдалану.
Зерттеу барысында TKT, CELTA, DELTA, TESOL және TEFL сияқты халықаралық сертификаттау бағдарламалары талданып, олардың Қазақстандағы білім беру контекстіне бейімделу ерекшеліктері қарастырылады. Негізгі мәселелердің бірі – бағдарламалардың жоғары құны мен оларды жүзеге асыруға арналған инфрақұрылымның жеткіліксіздігіне байланысты сапалы ресурстарға қолжетімділіктің шектеулі болуы. Қолданыстағы бағдарламалар көбінесе теориялық дайындыққа бағытталған, бұл теория мен практиканың арасындағы алшақтықты тудырады.
Сондай-ақ, сапалы оқу материалдарының тапшылығы мен білім беру мекемелерінен жеткілікті қолдау болмауы мұғалімдерге жаңа әдістерді өз тәжірибесіне енгізуді қиындатады. Қазіргі бағдарламалардың жеткілікті икемді болмауы оқытуды кәсіби қызметпен үйлестіруді қиындатады.
Жүргізілген талдау негізінде модульдік тәсілді және Teacher’s Assistant (TA) мен Research Assistant (RA) сияқты шағын біліктіліктерді енгізуді қамтитын ұлттық біліктілікті арттыру бағдарламасының тұжырымдамасы ұсынылады. Бұл элементтер мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, алынған білімді сенімді қолдануға және оқыту сапасын қалалық және ауылдық мектептерде жақсартуға бағытталған.