ОҚЫТУҒА ЗЕРТТЕУШІЛІК ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ КРЕАТИВТІЛІКТІ ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.023Кілт сөздер:
зерттеу тәсілі, ғылыми креативтілік, мотивация, академиялық үлгерім, оқушылар, биология пәні, ғылыми білім, эмпирикалық зерттеуАннотация
Мақалада оқытудағы ізденімпаздық тәсілі студенттердің ғылыми креативтілік мен ынтасын дамытудың тиімді құралы және оқу үдерісін жақсарту үшін қолдануға болатынын көрсететін эмпирикалық зерттеу сипатталған. Жұмыстың мақсаты-оқушылардың ғылыми креативтілік дамытуға осы тәсілдің әсерін зерттеу. Негізгі бағыттар келесі көрсеткіштерді бағалауды қамтыды: ғылыми креативтілік деңгейі, ғылыми креативтілік дамытуға мотивация, ғылыми білім деңгейі. Зерттеу бақылау және эксперименттік топтарға бөлінген 52 жетінші сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілді. Оқушылардың тәжірибелі тобы биологияның сегіздін бес сатылы интервенциялық сабақтарынан тұратын ғылыми креативтілікті дамытуға бағытталған арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыды. Зерттелетін көрсеткіштердің алдын - ала және пост-зерттеу бағалары CSKA сауалнамасы, CTM мотивациялық шкаласы, сондай-ақ жетінші сынып оқушыларының оқу үлгерімі туралы жазбалар арқылы жүргізілді. Әсерлерді талдау сипаттамалық статистика әдістерін, Шапиро-Уилка тесттерін, Левен тесттерін және ANCOVA әдістерін қолдана отырып жүргізілді. Нәтижесінде ғылыми креативтілік деңгейін және оны дамытуға ынталандыруды талдау кезінде зерттеу аяқталғаннан кейін эксперименттік топтың пайдасына статистикалық маңызды топаралық айырмашылық тіркелді. Екі топта да ғылыми білім деңгейінің жоғарылауы шамалы дәрежеде байқалды, бұл, мүмкін, тәжірибе кезеңінің ұзақтығына байланысты. Зерттеудің бірегейлігі-сабақтағы және сабақтан тыс кеңістіктегі өзгерістер арқылы оқушылардың ғылыми әлеуетін жандандыру әдістері көрсетіледі. Тәжірибелік маңыздылығы оқушылардің ғылыми процестерді қабылдауын және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне мотивациясын өзгерту үшін жаратылыстану пәндерін оқытуға осы әдістерді енгізу мүмкіндігінде жатыр. Қарастырылып отырған модель оқушылардың ғылыми креативтілікті айтарлықтай арттыратыны туралы эмпирикалық дәлелдер келтіре отырып және білім беру әдістемелерінің оқытудың когнитивті және мотивациялық аспектілеріне қалай әсер ететінін түсіндіре отырып, ағымдағы зерттеу педагогикалық ғылымды жаңғыртуға айтарлықтай үлес қосады. Эксперименттің қайталануы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне мектеп оқушыларының ғылыми ойлауы мен креативтілікті ынталандыратын бес сатылы сабақтармен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді, әсіресе жаратылыстану пәндерін оқу кезінде, ұғымдарды білу маңызды емес, оларды креативтілік тәжірибеде қолдану маңызды.