ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫ: ЖЕТЕКШІ ДЕРЕКҚОРЛАРДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА ШОЛУ

Автор(лар)

  • Парманкулова П.Ж. Южно-Казахстанский университет им. М. Ауэзова
  • Ахметова Е.К.
  • Саипов А.Б.
  • Байдалиев Қ.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.001%20%20

Кілт сөздер:

педагогтардың қажуы, кәсіби қажу, инклюзивті білім беру, шолу, талдау, дерекқор.

Аннотация

Соңғы жылдары педагогтардың, соның ішінде инклюзивті ортада жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби қажуы өзекті зерттеу тақырыбына айналуда. Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы екі жылда жарияланымдар саны 35% артқан. Осы зерттеудің мақсаты – инклюзивті жағдайдағы педагогтардың кәсіби қажуына қатысты Scopus, Web of Science және JSTOR жетекші дерекқорларындағы жарияланымдарға аналитикалық шолу жасау. Бұл дерекқорлар әлемнің жетекші ғылыми журналдарындағы рецензияланған мақалаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірегей платформалар болып табылады және терең талдау жүргізуге кең өріс ашады.

Зерттеуде инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтардың кәсіби қажу мәселесін терең талдауға мүмкіндік беретін теориялық әдістер қолданылды, бұл тақырыпты жан-жақты түсінуге және жинақталған материалдарды қорытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижесінде Scopus дерекқорында педагогтардың кәсіби қажуына мақала (teachers burnout at work) қатысты шамамен 4358 ғылыми бар екені анықталды, Web of Scienceте шамамен 1005, ал JSTORда 3485 жарияланым бар.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей, инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қажуды диагностикалау мен алдын алуға қатысты барлық үш дерекқор түрлі әдістемелік тәсілдерді ұсынады. Әрбір дерекқор кәсіби шаршауды диагностикалау мен алдын алудың теориялық және практикалық әдістерін дамытуға ықпал ететін бірегей зерттеулерді қамтиды. Scopus, Web of Science және JSTOR дерекқорларындағы ғылыми әдебиеттерді талдау педагогтардың, әсіресе инклюзивті білім беру саласында кәсіби қажуының алдын алуға арналған шетелдік тәжірибенің маңыздылығын айқындайды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде негізгі қорытындылар мен зерттеудің болашақ бағыттары анықталды. Аналитикалық шолу барысында айқындалған озық тәжірибелер мен технологияларды енгізу болашақ зерттеулер үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады және инклюзивті білім беру жағдайына бейімделген кәсіби қажудың алдын алу мен болжаудың тиімді моделін әзірлеуге негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles