ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.038%20Кілт сөздер:
физиканы оқыту, ойын технологиялары, НЗМ оқушылары, пәндік құзыреттілік, белсенді оқыту, даралау, білім сапасы, физика сабақтарыАннотация
Аңдатпа. Мақалада NIS бағдарламасы бойынша білім алатын 9-сынып оқушыларының физика сабақтарында пәндік құзыреттілігін дамыту үшін ойын технологияларын қолданудың тиімділігі қарастырылған. Білім беру ойындарына арналған отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттер жүйелі түрде талданып, оқу процесінде ойын әдістерін енгізу тәжірибесі қорытындыланған. Зерттеудің негізгі кезеңі педагогикалық эксперимент болып, ойын технологияларының оқу материалын меңгеру сапасына және оқушылардың оқу қызметіндегі белсенділігіне әсері зерттелген.
Эксперимент нәтижелері ойын әдістерін қолдану оқушылардың сабаққа тартылуын арттыратынын, белсенді қатысуға ынталандыратынын, тақырыпты саналы меңгеруге ықпал ететінін және дәстүрлі әдістермен салыстырғанда оқу жетістіктерін жақсартатынын көрсетті. Ойын технологиялары материалды сәтті меңгерген оқушылар санын көбейтті, физиканы әрі қарай оқуға ынтасын арттырды және сыни тұрғыдан ойлау мен ақпаратты өздігінен талдау дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді. Деректерді талдау ойын әдістерінің негізгі құзыреттерді дамытуға, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға, оқу тапсырмаларын сыни тұрғыдан шешуге және пәнге тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті.
Зерттеу қорытындылары ойын технологияларын физика сабақтарына интеграциялаудың тиімділігін растайды, бұл білім сапасын арттыруға, оқу қызметін белсендіруге және пәнге терең қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақала физика мұғалімдері, NIS бағдарламасының педагогтары және инновациялық оқыту әдістерін тиімді қолдануға қызығушылық танытқан педагогикалық университет студенттері үшін практикалық маңызы бар.





