МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫ САБАҚТАРЫНДА ДИЗАЙН-ОЙЛАУДЫ ҚОЛДАНУ: ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН ҚҰРАЛДАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.035Кілт сөздер:
мектеп математикасы, дизайн-ойлау, құралдар, әдістер,, инновациялық әдістер, геометрия, оқу үдерісі,, оқушылардың белсенділігі, оқыту технологияларыАннотация
Бұл мақалада мектеп математикасы сабақтарында дизайн-ойлау әдісін тиімді қолданудың жолдары мен құралдары жан-жақты қарастырылады. Қазіргі жаһандану дәуірі білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, оқушы бойында шығармашылық пен бейімделгіш ойлауды қалыптастыруды талап етеді. Бұл – сапалы әрі мазмұнды білімнің өзегіне айналған құндылық. Осындай өзгермелі заманда XXI ғасыр дағдыларын игеру – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттырудың басты бағыты. Осы тұрғыда дизайн-ойлау әдісі – оқушылардың белгісіздікке икемделуіне, өмірлік маңызы бар мәселелерді шынайы сезініп, қоғамға оң ықпал ете алатын жауапты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін заманауи тәсіл.
Зерттеудің мақсаты – мектеп математикасы сабақтарында дизайн-ойлау әдісін қолданудың тиімді жолдарын анықтап, оның оқушылардың сыни және шығармашылық ойлау қабілеттеріне, оқу үрдісіне белсенді қатысуына және пәнге деген қызығушылығын арттырудағы әлеуетін бағалау. Мақалада дизайн-ойлаудың білім беру үдерісіне енгізілуі оқушылардың тек теориялық біліммен шектелмей, оны практикалық өмірде ұтымды қолдануға дағдылануына қалай әсер ететіні талданады. Әсіресе математика мен геометрия пәндерінде осы әдісті кіріктіру арқылы оқушылардың сыни ойлау, мәселе шешу, топпен жұмыс істеу және дербес шешім қабылдау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері сипатталады.
Абстрактілі математикалық ұғымдар мен олардың өмірлік қолданысы арасындағы алшақтықты жою, білімді өмірмен ұштастыру – осы әдістің басты артықшылықтарының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, оқушының тұлғалық дамуына тікелей ықпал ететін эмпатия қағидасына назар аударылады. Бұл қағида – өзгелердің қажеттіліктерін түсініп, ортақ мүдде жолында әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға негіз болады.
Мақалада 5–6 сынып оқушыларына арналған кеңістік фигуралары, жазбалар мен жай бөлшектер тақырыптарын түсіндіру барысында дизайн-ойлау қадамдарын қолданудың нақты мысалдары ұсынылған. Бұл мысалдар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуеті де ашылады. Сонымен бірге, технологияларды білім беру процесіне тиімді біріктіру жолдары қарастырылып, зерттеу нәтижелері дизайн-ойлау әдісінің білімді терең меңгеруге, практикалық тұрғыда қолдануға және оқушыны жан-жақты дамытуға қосатын үлесін айқын көрсетеді.





