БІРЛЕСКЕН ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕ ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН (SOFT SKILLS) ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Тукебаева С.А. КазНПУ им Абая
  • Абитова Г.Т. Abai Kazakh National Pedagogical University
  • Жансугурова К.Т. «Miras» University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.035

Кілт сөздер:

икемді дағдылар, бірлескен танымдық іс-әрекет, мектепке дейінгі білім беру, ересек топ балалары, икемді дағдыларды дамыту, тренингтік бағдарлама, қарым-қатынас, ынтымақтастық

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың soft skills – икемді дағдыларын бірлескен танымдық әрекет арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. Теориялық зерттеуде икемді дағдылар мен бірлескен танымдық іс-әрекет ұғымдары мен мысалдары талданған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беруде коммуникативтік, топпен жұмыс істеу және көшбасшылық дағдыларының, эмоционалдық интеллекттің, креативті және сыни ойлаудың маңыздылығы көрсетіледі. Балалардың әлеуметтік және танымдық қабілеттерін дамыту үшін бірлескен оқыту, рөлдік ойындар мен проблемалық тапсырмаларға негізделген заманауи педагогикалық тәсілдер басты әдістер ретінде қарастырылған.

Формативті эксперимент аясында ересек топ балаларына арналған икемді дағдыларды дамыту бойынша оқыту бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды. Бақылау нәтижелері балалардың тиімді қарым-қатынас жасау, топта жұмыс істеу және жаңа жағдайларға бейімделу қабілеттерінің артуына бірлескен танымдық әрекеттің оң әсер еткенін көрсетті. Фишер критерийі арқылы алынған нәтижелер бағдарламаның тиімділігін дәлелдеді: түрлі танымдық іс-әрекеттер мен ойындар балабақша жасындағы балалардың икемді дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Бұл зерттеу мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми ізденістерді кеңейтуге үлес қосады және оқу бағдарламаларына икемді дағдыларды дамытатын тренингтерді енгізудің қажеттілігін көрсетеді

            Зерттеу нәтижелері soft skills дағдыларын дамыту тек мектепке дейінгі біліммен шектелмей, бастауыш буынмен жалғасқанда тұрақты нәтиже беретінін көрсетті. Әлемдік ғылыми еңбектерде аталған дағдылардың XXI ғасыр адамына тән басты құзыреттілік екені атап өтіледі. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың ынтымақтастыққа бейімділігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытудың ғылыми негізделген жүйесін қалыптастыру – болашақ табысты тұлға тәрбиелеудің кепілі болып табылады.

Автор биографиялары

Абитова Г.Т., Abai Kazakh National Pedagogical University

PhD, кандидат философии, доцент

Жансугурова К.Т. , «Miras» University

Candidate of Pedagogical Sciences, Senior lecturer

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles