МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ КІРІКТІРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.036%20Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, мектеп басшысы, трансформациялық көшбасшылық, бөлінген көшбасшылық, құндылыққа негізделген көшбасшылық, ата-аналар қауымдастығы, педагогикалық қауымдастық, инклюзивті мектеп мәдениетіАннотация
Аңдатпа. Инклюзивті білім беру қазіргі кезеңде еліміздің білім беру саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бағыт БҰҰ мен ЮНЕСКО құжаттарында, соның ішінде 1994 жылғы Саламанка декларациясында, сонымен қатар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының «сапалы білім – бәріне қолжетімділік» қағидатында бекітілген. Орта мектеп деңгейінде жүзеге асатын басқару инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Бұл педагогикалы әрекеттің тиімді жүзеге асуы мектеп басшысына тікелей байланысты. Яғни, оның көшбасшылығы инклюзивті білім беруді кіріктіру жағдайында мектеп мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік саясатты тиімді үйлестіруге, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қолдауға, ата-аналар мен қауымдастықты белсенді жұмылдыруға шешуші ықпал етеді.
Мақалада мектеп басшысының орта мектеп тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізудегі рөлі баяндалады. Осыған байланысты, еліміздегі инклюзивтік білім беру тәжірибесі халықаралық зерттеулермен, соның ішінде Ресей, Финляндия, Дания, Германия, Англия мемлекеттерінің зерттеулерімен салыстыра қарастырылады. Сонымен қатар, зерттеу барысында жүргізілген Греция, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және Камерун мемлекеттерінің тәжірибелерін талқылау нәтижесі олардың инклюзивті білім берудегі басқарушылық тәжірибелерінің қазақстандық білім беру саласына енгізуге болатын оң тұстарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында трансформациялық көшбасшылық, құндылыққа негізделген басқару, қауымдастықты тартуға әкелетін көшбасшылық үлгілері қарастырылып, олардың артықшылықтары мен тәжірибеге енгізуде болуы мүмкін кедергілері талқыланып, салыстырылды.
Салыстырмалы талдау нәтижелері инклюзивті білім беруді кіріктіруде мектеп басшысының өзгерістер көшбасшысы және трансформациялық жетекші ретіндегі қызметінің маңыздылығын көрсетті. Әртүрлі елдердің тәжірибесінде мектеп басшысын әкімшілік жұмысқа жауаптылықпен қатар ол мектептің мәдениетін қалыптастырып, педагогикалық ұжымын дамытатын, ата-аналар мен қоғамды біріктіретін тұлға ретінде сипатталады. Мақалада шетелдік тәжірибені қазақстандық мектептерге енгізу үшін трансформациялық көшбасшылықты дамыту, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін жүйелі қолдау, мектеп қауымдастығы серіктестіктерін нығайту және бөлінген көшбасшылық қағидаттарын іске асыруға негізделген құрылым ұсынылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша, инклюзивті білім беруді табысты енгізу тек нормативтік-құқықтық негіздермен шектелмей, ашық ойлы, құндылыққа негізделген және инклюзивті білім беру тәжірибесіне бейімделген мектеп басшыларының көшбасшылық қабілеттеріне тіккелей байланысты. Тек осындай басшылар ғана инклюзивті мектеп мәдениетін қалыптастырып, әрбір оқушыға сапалы әрі тең қолжетімді білім алуға жағдай жасай алады.





