ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ ДЕҢГЕЙДЕ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Э.А. Абдыкеримова Ш. Есенов атындағы КТИУ
  • А.Б. Туркменбаев
  • М.Н. Медет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.024

Кілт сөздер:

робототехника, бағдарламалау, Arduino микроконтроллерді басқару блогы, автоматты бақылау жүйесі, автосуару, ылғалдылық датчигі, ультрадыбыстық датчик; , роботты құрылғы

Аннотация

Су ресурстарын тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі  болып табылады. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде су ресурстарын үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Елімізде көгалдандыру жүйесі бүгінгі күні бастау алып, нақты жұмыстар жасалу үстінде. Мақала өсімдіктерді оның түріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты сумен қамтамасыз ете алатын құрылғыны, яғни Arduino платформасында роботты құрылғыларды дамытуға қатысты мәселелерді зерттеуге арналған. Мақалада заманауи технологиялардың дамуымен, адамның араласуын қажет етпейтін құрылғы - «HydroSprinkler-X» роботын топырақтың ылғалдылығын сақтау және су ресурстарын тиімді пайдалану, өзін-өзі суару арқылы көгалдандыру жүйесін тиімді жақсарту үшін қолдануға болатындығы айтылған. «HydroSprinkler–X» автосуаруға арналған робот арқылы өсімдіктердің өсуін бақылау  қарастырылып, өздігінен басқарылатын робот арқылы су ресурсын тиімді қолданудың моделі ұсынылған. Зерттеу барысында өсімдіктерді кейбір жылыжайларда өсіру ерекшеліктері, дамуға әсер ететін қоршаған орта факторлары зерттелді. Алынған мәліметтер құрылғының жұмыс алгоритмін жасау кезінде ескерілді. Әзірленген құрылғы бақшада қолдануға арналған, сондықтан бұл дизайнда белгілі бір маршрут қолданылады, тек бір ылғалдылық датчигі, ультрадыбыстық датчик және бір сыртқы сорғы. Алайда, егер көкөністердің басқа түрлерін суару қажет болса, онда батырманы басқан кезде қажетті мөлшерде шарт қосуға болады, суару режимі өзгереді. Бұл модельді өзгертудің басқа бағыттары бар. Зерттеу барысында есептеулер арқылы топырақтың ылғалдылығын анықтай отырып, өсімдікті суарудың пайдасын арттыруға болатындығына қорытынды жасалған. Өсімдік шаруашылығында ылғалдылық датчигі мен өздігінен жүретін автосуаратын құрылғыны қолдану экономикалық тұрғыда тиімді болып келеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи