МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ КӘСІБИ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА КЕЙС ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Абдуллина А.А. КазУМОиМЯ имени Абылай хана
  • Узакбаева С.А.
  • Махметова Б.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.022%20%20

Кілт сөздер:

кейс, кейс әдісі, медициналық кейс, кәсіби шетел тілі, кейс технологиясы, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, жағдаят, интерактивті құрал, педагогикалық кейстер

Аннотация

Бүгінгі таңда мамандарды оқытуда және білімін жетілдіруде кейс әдісі жан-жақты пайдаланылуда. Бұл өмірде кездесетін күрделі мәселені терең меңгеруде қолданылатын зерттеу тәсілі. Кейс әдісінің проблемалық-бағдарлық оқытудан айырмашылығы, ол нақты мысалдарға негізделеді. Медицина саласындағы кейстер емделушінің денсаулығынан, дербес жүргізілген диагностикасы мен емдеу практикасын таңдауынан көрініс беретін нақты жағдаятты талдаудағы интерактивті құрал болып табылады. Кейс әдісін шетел тілі сабақтарында медик-студенттерді оқытуда қолданудың өзектілігі ҚР Мемлекеттік жоғары білім беру стандартымен айқындалады. Онда сабақты белсенді және интерактивті түрде жүргізу (компьютерлік белсендіру, іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдаяттарға талдау, психологиялық және т.б. тренингтер, топтық дискуссиялар және т.б.) қарастырылады. Кейс әдісін қолдану оқытудың дәстүрлі әдістерін (лекциялық және практикалық сабақтар) толықтырады және жаңа білімді меңгеруімен шектелмей, кәсіби құзыреттілік пен ойлау әрекетін, біліктілік мен дағдыны қалыптастыруға бағытталады. 

Мақаланың мақсаты – кейс әдісінің мазмұнын оқытудың интерактивті әдісі ретінде негіздеу және оның жоғары медициналық оқу орны студенттерімен шетел тілі сабақтарын өткізудегі тиімділігін анықтау.

Кейс әдісін медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне кәсіби шетел тілін оқытуда қолдану білім беру процесін жаңартуға, студенттердің кәсіби коммуникативтік дағдыларын дамытуға және практикалық даярлығын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл зерттеу медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға және олардың халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Зерттеудің нәтижесінде, медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне кәсіби шетел тілін оқытуда кейс әдісін қолдану олардың кәсіби коммуникативтік дағдыларын, аналитикалық ойлауын және практикалық қабілеттерін айтарлықтай дамытады. Сонымен қатар, бұл әдіс студенттердің медициналық тапсырмаларды шетел тілінде шешу қабілетін жетілдіріп, олардың кәсіби даярлығын арттырады. Мақалада педагогикалық кейстерді жоғары медициналық оқу орындары студенттеріне шетел тілін оқытуда пайдалануға байланысты практикалық әдістер мен амал-жолдар ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles