УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Сейтенова С.С. Баишев университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.005

Кілт сөздер:

педагогикалық құзіреттілік, мұғалім, еңбек жүйесі,, аралас білім, пандемия

Аннотация

Бұл мақалада университет оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша педагогикалық зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Жалпы білім беретін мектепке болашақ мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындарының профессорлары үшін соңғы кездегі әлемдік оқиғалар контексінде кәсіби құзыреттілік мәнін зерттеу мәселесі өзекті болып отыр. Мақаланың мақсаты – педагогикалық зерттеулердің жеке нәтижелерін теориялық және әдістемелік аспектілер тұрғысынан тарату.  Зерттеуіміздің әдіснамалық негізін шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды: М.В. Кларин, А.К. Маркова, Л.М. Митина,  Калюжный А.А., Кожахметова К.Ж., Туребаева К.Ж., Альмурзаева Б.К., Кибатаева Н.К. және басқалар. Зерттеуіміздің эксперименттік бөлімі 2020-2021 оқу жылында Бәйішев атындағы университеттің Педагогикалық факультетінің 47 адамнан тұратын профессорлық-оқытушылық құрамымен (Педагогика және психология, бастауыш және мектепке дейінгі тәрбие, ағылшын филологиясы кафедралары) жүргізілді. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері оқытушының кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының жағдайына бейімделген арнайы жұмыс жүйесі болды. Ол оқытылатын пәннің немесе дипломның ерекшелігіне, ақпараттық және әлеуметтік технологияларға сәйкес оқытушылардың кәсіби бағдарланған жобалау-зерттеу жұмыстарына негізделген.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи