ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН НЕЙРОПЕДАГОГИКА: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТӘСІЛДЕР МЕН ПАРАДИГМАЛАР

Автор(лар)

  • Айтжанова Э.Н. Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Ұзақбаева С.А.
  • Киякбаева У.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.023

Кілт сөздер:

цифрлық құзыреттілік, ақпараттық мәдениет, мектепке дейінгі білім беру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), электрондық білім беру ортасы, кәсіби құзыреттілік, цифрлық мәдениет, нейропедагогика

Аннотация

Бүгінгі цифрлық қоғам жағдайында білім беру жүйесінде, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие саласында да түбегейлі өзгерістер  орын алуда. Бұл өзгерістер мектепке дейінгі ұйым педагогтерге қойылатын кәсіби талаптарға әсер етіп, олардың цифрлық құзыреттілігін арттыру мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды өзекті мәселеге айналдырды.

Мақалада цифрлық мәдениет пен нейропедагогика қағидаларын интеграциялау негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтерін кәсіби даярлаудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Автор ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ми қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық парадигмалардың өзара байланысын талдайды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда интеграцияланған әдістердің тиімділігін дәлелдейді.

Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби даярлығында цифрлық мәдениет пен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгерудің маңыздылығы қарастырылып, осы бағытта жүргізілген екі ғылыми зерттеудің нәтижелері жүйеленіп талданды. Автор, цифрлық құзыреттілікті болашақ педагогтің жеке тұлғалық, кәсіби және технологиялық даму үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде сипатталды. Цифрлық құзыреттіліктің негізгі компоненттері – цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеу, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, электрондық ортада тиімді әрекеттесу және тәрбие үдерісін жобалау дағдылары. Зерттеуде мектепке дейінгі ұйым педагогінің цифрлық құзыреттілік деңгейі үш сатыда (жоғары, орташа, төмен) бағаланып, көптеген студенттердің өз деңгейін шынайы бағалауда қателіктер жіберетіні анықталды.

Сондай-ақ, мақалада ақпараттық мәдениеттің құрылымдық компоненттері (когнитивтік, құндылықтық және мінез-құлықтық) сипатталып, олардың кәсіби құзыреттілікпен өзара байланысы ашылады. Зерттеу нәтижелері мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық ортада жұмыс істеу қабілетін дамыту үшін мамандандырылған пәндерді енгізу, мультимедиялық құралдар мен интернет-ресурстарды пайдалану, қашықтықтан оқыту технологияларын меңгеру, сондай-ақ шығармашылық пен дербес жұмысқа ынталандырудың маңызды екенін көрсетті.

Мақалада ұсынылған ғылыми-әдістемелік тәсілдер мен нәтижелер мектепке дейінгі білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі ұйым педагогтерін сапалы даярлау жолдарын жетілдіруге бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles