ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.037%20Кілт сөздер:
қашықтықтан оқыту, инклюзивті білім беру, нейродидактика, информатиканы оқыту, виртуалды зертхана, ерекше білім беру қажеттіліктері, ашық білім беру ресурстары, бағалауАннотация
Аңдатпа. Бұл зерттеу инклюзивті білім беру жағдайында виртуалды зертханаларды қолдануға арналған барлау (пилоттық) сипаттағы ғылыми жұмыс болып табылады. Зерттеу мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бейімделетін информатика пәні бойынша нейродидактикалық тапсырмалар негізіндегі виртуалды зертхананың моделін әзірлеу. Виртуалды зертхана нейродидактиканың негізгі қағидаларына сүйене отырып, білім алушылардың ақпаратты қабылдау және өңдеу ерекшеліктерін, атап айтқанда есту, көру және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын ескереді. Модель бейімделген интерфейстерді, визуализация құралдарын және оқу мазмұнымен өзара әрекеттесудің жекелендірілген сценарийлерін қамтиды. Экспериментке үшінші сыныптың жиырма үш оқушысы және қосымша сауалнамаға қатысқан он төрт педагог тартылды. Іріктеу мақсатты әдіспен жүзеге асырылды, ал этикалық келісім ата-аналар мен мектеп әкімшілігінен алынды. Мотивация мен когнитивтік белсенділікті анықтау үшін «Цифрлық оқыту мотивациясының шкаласы» және «Танымдық белсенділік бақылау парағы» қолданылды (Cronbach’s α = 0.86; r = 0.81). Нәтижелер оқушылардың когнитивтік белсенділігі мен оқу мотивациясының айтарлықтай артқанын көрсетті (t = 2.87, p < 0.01). Сонымен қатар, қатысушылардың көпшілігі виртуалды зертхананың қолжетімділігі мен түсініктілігін жоғары бағалады, ал педагогтер оны оқыту процесін дараландыру және инклюзивті тәжірибені жетілдіру құралы ретінде оң қабылдады. Үлгінің шағындығын және бақылау тобының болмауын ескере отырып, зерттеу нәтижелері алдын ала сипатта ұсынылады. Бұл модель инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытудың бейімделген, мотивациялық және қолжетімді ортасын құрудың тиімді құралы бола алады.





