УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАНЫ ҚАБЫЛДАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ: SPSS КӨМЕГІМЕН САНДЫҚ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Палымбетова А.Б. Бакытовна
  • Конырбаева С.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.018

Кілт сөздер:

преподавание национальной музыки, развитие национальных ценностей, студенты вузов, музыкальное образование, современные технологии, программа SPSS, количественный анализ, мнения студентов

Аннотация

Бұл зерттеуде студенттердің ұлттық музыкаға деген көзқарасының айырмашылығын анықтау мақсат етілді. Зерттеу үлгісі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтында оқитын 143 студенттен  тұрады. Зерттеу деректері құрылымдық сауалнама арқылы жиналды. Төрт бөлімнен тұратын құрылымдық сауалнаманың бірінші бөлімінде демографиялық ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар, екінші бөлімде студенттердің білім берудегі ұлттық музыкаға көзқарасын анықтауға арналған сұрақтар, үшінші бөлімде ұлттық музыка құндылықтары және оқыту  әдістерінің тиімділігін талдауға арналған сұрақтар, соңғы бөлімде ашық сұрақтар беріліп, ұлттық музыканың білім берудегі рөлі анықталды. Ұлттық музыканы тыңдау әдеттеріне қатысты сұрақтарды құрастыру кезінде  Джерролд Левинсонның теориясы негізге алынды. Жиналған мәліметтерге SPSS 29.0.2.0 бағдарламасымен талдау жасалды. Зерттеуде ұлттық музыкаға қатысты қатысушылардың көзқарастарын бағалау үшін 6–14 нөмірлі тұжырымдарға негізделген 5 балдық Ликерт шкаласы қолданылып, респонденттердің ұлттық музыканың мәдени, тәрбиелік, әлеуметтік маңыздылығына қатысты пікірін қамтыды. Аталған 9 тұжырымның ішкі біртұтастығын (ішкі сенімділігін) тексеру мақсатында Кронбах альфа коэффициенті а = 0.975 болып есептелді. Осыған байланысты, 6–14 сұрақтар негізінде бір біріктірілген көрсеткіш – «ұлттық музыкаға көзқарас» (music_attitude) шкаласы құрылды. Талдау нәтижелері бойынша студенттер ұлттық музыкалық білім берудің қандай элементтерін жоғары бағалайтынын және оқытудың қандай әдістерін тиімді деп санайтынын анықтадық.  Нәтижесінде ұлттық музыканың оқушылардың тұлғалық және мәдени дамуына қалай ықпал ететіні, оқыту әдістемесі бойынша онлайн платформалар мен сандық ресурстарды пайдалануды қалыпты түрде қолдайтыны, болашақ мұғалімдердің ұлттық музыканың, әсіресе аспаптық оқыту, эмоционалды көрініс және шығармашылық белсенділік арқылы трансформациялық әлеуетіне деген берік сенімділігі бар екені анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles