ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕДИА БІЛІМІ: ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ

Автор(лар)

  • Ахметова А.А. Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
  • Сейтказы П.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.010

Кілт сөздер:

медиа білім, педагог-психологтар, кәсіби дайындық, сандық білім беру ортасы, медиакомпетенттілік, педагогикалық эксперимент, әдістемелік ұсынымдар, білім беру модульдері

Аннотация

Бiлiм берудi цифрландыру жағдайында педагог-психологтарды кәсiби даярлауда медиа бiлiм берудiң рөлi артады. Мақала сандық білім беру ортасында болашақ педагог-психологтардың кәсіби бағдарланған медиа-білім беруін қалыптастыруды зерделеуге арналған, бұл тиімді кәсіби қызмет үшін олардың медиа-құзыреттілігін дамыту қажеттілігіне негізделген.

Зерттеудің мақсаты – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6В01103 – «Педагогика және психология» бағыты бойынша бакалавриат студенттеріне кәсіби-бағдарланған медиа білім беруді қалыптастыру моделін әзірлеу және сынақтан өткізу. Негізгі бағыттар медиа білім берудің теориялық негіздерін талдауды, медиа құзыреттілік компоненттерін айқындауды және медиа білім беру технологияларын кәсіби даярлыққа интеграциялауды қамтиды. Зерттеудің негізгі идеялары пәнаралық тәсіл мен практикаға бағдарланған оқытудан тұрады.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы кәсiптiк бағдарланған медиа бiлiм берудiң тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу және оның педагог-психологтарды даярлаудағы рөлiн негiздеу болып табылады. Практикалық маңыздылығы студенттердің медиа құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін әдістемелік ұсынымдар мен білім беру модульдерін жасаудан көрінеді.

Зерттеу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 138 респонденттің қатысуымен 6В01103 – «Педагогика және психология» бакалавриат бағдарламасы негізінде жүргізілді. Теориялық әдістер (әдебиетті талдау, модельдеу), эмпирикалық әдістер (сауалнама, тестілеу, педагогикалық эксперимент) және деректерді өңдеудің статистикалық әдістері (сандық және сапалық талдау) пайдаланылды.

Жұмыс кәсіптік даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде білім беру туралы түсінікті кеңейте отырып, педагогика мен психологияға үлес қосады. Әзірленген модель мен медиакомпетенттілікті бағалау өлшемдері педагог-психологтарды цифрлық орта жағдайында даярлау теориясы мен практикасын байытады.

Зерттеу нәтижелері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру процесінде қолданылды. Әзірленген модульдер мен ұсынымдар басқа жоғары оқу орындарында педагог-психологтарды даярлау үшін пайдаланылуы, сондай-ақ аралас мамандықтар үшін бейімделуі мүмкін, бұл кәсіптік білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles