БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ TIMSS ЖӘНЕ PIRLS ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ КӘСІБИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЭМПИРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Жүзеев С. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Керейбаева А. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Жайлауова М. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.013

Кілт сөздер:

TIMSS, PIRLS, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, кәсіби көзқарас, факторлық талдау, халықаралық зерттеулер, педагогикалық құзыреттілік, эмпирикалық талдау

Аннотация

Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне деген кәсіби көзқарасын эмпириялық тұрғыда талдау көзделді. Зерттеу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3–4 курс студенттері арасынан 60 білім алушы таңдалып, құрылымдалған сауалнама әдісімен деректер жиналды. Сауалнама 25 тұжырымнан құрастырылып, бес ұпайлы Ликерт шкаласы негізінде бағаланды. Алынған деректер JASP математикалық-статистикалық бағдарламасының көмегімен факторлық талдау арқылы өңделді. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде сауалнама көрсеткіштері бес негізгі мазмұндық факторға бөлінді: жалпы түсінік, кәсіби құзыреттілікке әсері, оқыту тәжірибесіне ықпалы, қызығушылық және қажеттілік, жеке көзқарас. Анықталған факторлық модельдің жарамдылығы Chi-square және параллельді талдау нәтижелерімен дәлелденді. Бұл зерттеу халықаралық бағалау зерттеулерінің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы рөлін теориялық әрі эмпириялық тұрғыда негіздеуге үлес қосады. Сондай-ақ мұғалім даярлау жүйесіне TIMSS және PIRLS зерттеулерінің мазмұнын кіріктірудің өзектілігін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері білім беру реформаларына академиялық-тәжірибелік негіз ұсына отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің халықаралық зерттеулерге қатысу ынтасын арттырудың әлеуетін айқындайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles