ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Тезекова О.Т. L.N. Gumilyov Eurasian National University
  • Жиенбаева С.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.039

Кілт сөздер:

ақпараттық қауіпсіздік, жобалық-зерттеу әдісі, орта мектеп, цифрлық құзыреттілік, педагогикалық тиімділік, эмоционалды-психологиялық жағдай, инновациялық оқыту әдістері, сыни тұрғыдан ойлау

Аннотация

Аңдатпа.  Қазіргі заманда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен ақпараттық кеңістіктің шексіз кеңеюі жастардың тұлғалық, психологиялық, физиологиялық дамуына, әлеуметтенуіне теріс әсерін тигізіп отырғаны бірқатар ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденуде. Жасөспірімдердің интернет желісіндегі жалған ақпаратқа бейімділігі, киберқауіптерге ұшырау қаупі, ақпараттық манипуляцияның ықпалы олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін күн тәртібіне шығаруда. Осыған байланысты орта мектеп оқушыларының бойында ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың өзектілігі артып отыр. Бұл дағдыларға ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, дереккөздердің сенімділігін анықтау, ақпараттық қауіптерді тану және оларға қарсы әрекет ету, цифрлық сауаттылықты және онлайн ортада этикалық мінез-құлықты қалыптастыру жатады. Зерттеуде аталмыш дағдыларды дамытуда инновациялық педагогикалық тәсіл ретінде жобалық-зерттеу әдісінің мүмкіндіктері талданды. Аталған зерттеудің негізгі мақсаты – орта білім беру деңгейіндегі ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үдерісінде жобалық-зерттеу әдісінің педагогикалық тиімділігін анықтау.

Зерттеу барысында авторлар ақпараттық қауіпсіздік саласына қатысты ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жүргізіп, жобалық-зерттеу әдісінің жалпы білім беру тәжірибесінде  кеңінен қолданылып келе жатқанына қарамастан, оның ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын дамытудағы рөлі жүйелі түрде зерттелмегені анықтады. Осыған байланысты эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды және нәтижелері статистикалық талдаудан өткізілді.

Алынған нәтижелер негізінде орта мектеп оқушыларын оқыту барысында ақпараттық қауіпсіздік дағдыларының оқушы тұлғасының маңызды сапалық компоненті екені атап көрсетілді. Бұл дағдыларды білім беру жүйесінде мақсатты түрде қалыптастыру үшін жобалық-зерттеу әдісін тиімді қолдану қажеттігі жөнінде ғылыми негізделген тұжырым жасалды. Зерттеу барысында алынған қорытындылар орта мектеп оқушыларына арналған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу ісіне теориялық әрі әдістемелік негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles