НЕЙРОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАБЫСТЫ ОҚУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.033%20Кілт сөздер:
нейропедагогикалық тәсіл, кіші мектеп жасындағы оқушылар, когнитивті функцияларды дамыту, табысты оқу, табысты оқу әдістері мен тәсілдері, жеке латералдық бейімділік, нейропсихологиялық жаттығулар, оқу процесіАннотация
Аңдатпа Мақалада кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың тиімділігін арттырудағы нейропедагогикалық жаттығулардың рөлі қарастырылады. Балалардың когнитивті дамуының нейрофизиологиялық негіздері талданады, сонымен қатар білім беру процесінде нейропедагогиканы қолданудың практикалық әдіс-тәсілдері ұсынылады. Нейропедагогикалық тәсіл негізінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың табысты оқуын қалыптастырудың жаңа жүйесін қарастыра отырып, саналы білім алуының жоғары сатыдағы сапалы деңгейіне шығуына болатыны дәлелденеді. Табысты оқыту-бұл оқушының оқу-танымдық іс-әрекетте өзінің әлеуетін ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеуге дағдылануы арқылы нәтижеге қол жеткізуге кепілдік беретін белгілі бір деңгей. Шын мәнінде,табысты оқыту жеке элементтерді — әрекеттер мен операцияларды игеруден басталады. Бұл жоғары нәтижелерге әкелетін оқу процесін қалыптастыратын олардың үйлесімі мен дәйекті орындалуы.
Нейропедагогика тәсілдері негізінде кіші мектеп оқушыларының табысты оқуын қалыптастыруда, мұғалім оқушының миының оң жақ және сол жақ жартышарларының мүмкіндіктерін оқу-танымдық қызметте тиімді пайдалану керектігі ұсынылады. Осы ретте кіші мектеп жасындағы оқушыларды нейропедагогика әдісімен табысты оқытуды қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияда және Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 гимназияда ұйымдастырылып, өткізілді және 4 сынып оқушыларын қамтыды. Эксперименттік топ 80 оқушыны, бақылау тобы 64 оқушыны құрады. Жалпы зерттеге қатысқан оқушылар N=144. Зерттеуден алынған нәтижелер арнайы нейропедагогикалық жаттығуларды үнемі қолдану кіші мектеп оқушыларының зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлауын және эмоционалды реттелуін жақсартата отырып, табысты оқуына әсер ететін болады.





