БОЛАШАҚ ШЕТТІЛДІК ФИЛОЛОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Автор(лар)

  • Алиева Б.А. КазУМОиМЯ им.Абылай хана
  • Садыкова А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.025%20

Кілт сөздер:

кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік, шеттілдік филологиясы саласындағы даму, цифрлық құралдар, жасанды интеллект, шетел филологиясы, кәсіби жоғары білім, әдістемелік модель

Аннотация

 

Мақалада болашақ шеттілдік филологтардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда цифрлық құралдарды қолданудың мүмкіндіктері қарастырылады.Зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру жүйесінде цифрландыру процесінің артуымен және цифрлық ортада тиімді кәсіби коммуникацияға қабілетті мамандарды даярлау қажеттілігімен анықталады.Зерттеудің мақсаты студенттердің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда цифрлық құралдардың тиімділігін айқындау. Зерттеу барысында салыстырмалы және эмпирикалық әдістер қолданылды.Эксперименттік зерттеу Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің “6B02302-Шетел филологиясы” білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттерімен бір семестр бойы жүргізілді. “БАҚ мәтіндерін редакциялау” пәні аясында электрондық сөздіктер, онлайн деректер қорлары, интерактивті платформалар, жасанды интеллект жүйелері және кәсіби форумдар сияқты цифрлық  құралдар интеграцияланады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері цифрлық құралдарды білім беру процесінде пайдалану студенттердің тілдік дамуын жүйелі түрде қолдайтынын және олардың коммуникативтік құзыреттілігін біртұтас қалыптастыруды қамтамасыз ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл әдістемелік үйлесімділікті нығайтып, кәсіби-коммуникативтік дамудың жалпы тиімділігін арттырады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың кешенді тәсілін цифрлық құралдарды пайдалану арқылы шеттілдік филологиялық дамудың процесінде негіздеуге байланысты.Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін және жоғары шеттілдік филологиялық білім берудегі цифрлық білім беру орталарын жетілдіруде қолдануға болатындығында. Мақалада цифрлық құралдарды меңгеру болашақ шеттілдік филологтардың кәсіби даярлығының ажырамас бөлігі болып табылатыны және олардың заманауи цифрлық қоғам талаптарына сәтті бейімделуін қамтамасыз ететіні атап өтіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles