ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.031Кілт сөздер:
белсенді оқыту әдістері, коммуникативтік құзыреттілік,, географияны оқыту, оқушылардың мотивациясы, интерактивті оқыту, жобалық оқыту, білім беру үдерісі, Алматы облысыАннотация
Мақалада Алатау қаласындағы №14 мектептің 11-сыныбында география сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тәжірибесі қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістермен, цифрландыру үдерісімен және жаһандану жағдайында оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту қажеттілігімен байланысты. Қазіргі мектеп оқушыларды тек біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың өздігінен ойлау, пікір айту және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. География пәні осы тұрғыдан алғанда оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін, экологиялық мәдениетін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан белсенді оқыту әдістерін енгізу білім сапасын арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты – белсенді оқыту әдістерінің оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырудағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу барысында дебаттар, рөлдік ойындар, жобалық және зерттеушілік әдістер, интерактивті талқылаулар мен кейс-стади тәсілдері қолданылды. Алынған нәтижелер белсенді әдістерді жүйелі пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін жеткізу мен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, сабақтағы белсенді өзара әрекеттестік оқушылардың сенімділігін күшейтіп, аргумент келтіру және өз пікірін дәлелдей білу қабілетін жетілдірді.
Зерттеудің практикалық маңызы – ұсынылған әдістердің басқа мектептер мен пәндерде бейімделіп қолданылу мүмкіндігінде. Белсенді оқыту технологиялары білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға және оқу процесін жандандыруға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер оқушылардың тұлғалық дамуына, білім алуға деген тұрақты ынтасын қалыптастыруға және географиялық білімді өмірмен байланыстыра білу қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.





