ҚЫТАЙ СТУДЕНТТЕРІН ОРЫС ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ КЕДЕРГІЛЕР

Автор(лар)

  • Чжан Хаожань Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • Бегалиева С.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.031

Кілт сөздер:

орыс тілі шетел тілі ретінде, қытай студенттері, лингвомәдени кедергілер, мәдениетаралық коммуникация, фонетикалық қиындықтар, грамматикалық ерекшеліктер, оқыту әдістемесі, лингвомәдени құзыреттілік

Аннотация

Аңдатпа. Зерттеудің өзектілігі Қытай мен орыс тілді елдер арасындағы академиялық мобильділіктің артуымен айқындалады, бұл орыс тілін шетел тілі ретінде оқытуда қытайлық студенттердің лингвомәдени ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Мақала мақсаты – орыс тілін үйрену барысында қытайлық студенттерде туындайтын типтік лингвомәдени кедергілерді айқындау және оларды еңсерудің әдістемелік тәсілдерін ұсыну. Зерттеу әдістемесі ретінде қытайлық студенттердің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 докторанты) фонетикалық, грамматикалық және коммуникативтік тапсырмаларда жіберген типтік қателіктерін талдау қолданылды. Әдістер қатарына тестілеу, қателерді талдау, нәтижелерді салыстыру және деректерді жинақтау енді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – бұрын егжей-тегжейлі зерттелмеген фактор – қытайлық студенттердің алдыңғы білім беру тәжірибесінің (Қытайда оқу мен орыс тілді ортада оқу) олардың қателері мен кедергілер сипатына әсерін анықтауында. Негізгі нәтижелер: қытай студенттеріне тән фонетикалық қиындықтар (дыбыстарды [ы], [о], [у], [э] дұрыс айтпау, монотонды интонация және т.б.), грамматикалық қателер (етістіктің түрін дұрыс таңдамау, қосарлы болымсыздықты қолдану) және «бет сақтауға» байланысты аудиториядағы коммуникативтік пассивтілік айқындалды. Орыс тілді ортада оқыған студенттердің сенімділігі мен мотивация деңгейі (орташа 5,96) Қытайда оқығандарға қарағанда (5,14) жоғары екені анықталды, бұл кедергілерді жеңуге оң әсер етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді қытайлық аудиторияға арналған орыс тілі бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігі: күрделі фонетикалық элементтерді мақсатты түрде меңгеруден бастап, сөйлеу этикеті мен мәдениетаралық коммуникация бойынша арнайы курстарды енгізуге дейін. Бұл оқыту процесін оңтайландыруға, оның тиімділігін арттыруға және қытай студенттерінің жаңа тілдік ортаға бейімделу дәрежесін көтеруге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles