СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНДА CHAT GPT: ИНТЕГРАЦИЯСЫ МЕН ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.004Кілт сөздер:
жасанды интеллект (AI), Chat GPT, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі, квази-эксперимент, мета-анализ, герменевтикалық феноменология, интеллектуалды жүйелер, ғылыми тәсілдерАннотация
Жоғары білім беруде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға көшу студенттер үшін, әсіресе өз бетінше мақсат қою, ғылыми әдебиеттерді талдау, гипотезаларды тұжырымдау және нәтижелерді түсіндіру бөлігінде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Chat Generative pre-trained Transformer (Chat GPT) сияқты жасанды интеллект құралдарын пайдалану студенттерге жеке қолдау көрсету және ғылыми ойлау сапасын арттыру арқылы қиындықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруда көмекші құрал ретінде Chat GPT интеграциясының мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Зерттеуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В01511-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 17-20 жас аралығындағы студенттері қатысты. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мета-анализ элементтері бар квази-эксперименттік дизайн сандық түрде қолданылады. Эксперименттік топтарға ҒЗЖ дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде Chat GPT қолданатын студенттер, сондай-ақ ғылыми жетекшімен бірге АИ-мен жұмыс істегендер кірді. Бақылау тобы ретінде дәстүрлі әдістеме бойынша жұмыс жасаған студенттер болды. Экспериментте Chat GPT 3.5 нұсқасы қолданылды. Сапалы талдау шеңберінде студенттердің ғылыми зерттеудегі AI рөлін қабылдауын зерттеу үшін герменевтикалық феноменология қолданылды. Нәтижелер Chat GPT зерттеудің логикалық құрылымын қалыптастыруға ықпал ететінін, мақсаттарды, аннотацияларды және нәтижелерді түсіндіруге көмектесетінін көрсетті. Оқытушының ғылыми жетекші, тәлімгер және сыни шолушы ретіндегі рөлі маңызды болып қала береді. Chat GPT-ті әдебиеттерді іздеу, мәтінді құрылымдау және алдын-ала талдау кезеңдерінде қолдану ұсынылады, ал оқытушының белсенді қатысуы тақырыптың ғылыми жаңалығы мен тереңдігін бағалау үшін қажет.





