ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ РУТИНДІК ЖҰМЫС ЖҮКТЕМЕСІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Каримова Т.М. Astana IT University
  • Саржанова Г.Б.
  • Салкенова А.Б. Astana IT University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.016

Кілт сөздер:

Жасанды интеллект, шет тілін оқыту, күнделікті жүктеме, мұғалімнің күйіп кетуі, білім беру жүйесіне ЖИ-ді еңгізу, мұғалімнің қабылдауы, білім беру технологиялары, ЖИ негізіндегі оқыту құралдары

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыс шетел тілдерінің оқытушыларына жүктелетін кәсіби жүктеменің, атап айтқанда күнделікті қайталанатын тапсырмаларды орындаумен байланысты жүктеменің ерекшеліктерін зерттеуге, сондай-ақ педагогикалық тәжірибеде жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі технологияларды пайдалану деңгейін талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі оқытушының күнделікті міндеттерінің ерекшеліктерін тереңірек түсіну, олардың эмоционалдық күйзеліс пен оқыту сапасына әсерін, сондай-ақ ЖИ қолдануға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау қажеттілігінде жатыр. Жұмыс шеңберінде келесі міндеттер қойылды: қандай күнделікті әрекеттер  көп уақыт пен күш жұмсайтынын анықтау; осы әрекеттерді орындау кезінде оқытушылар тап болатын негізгі қиындықтарды айқындау және олардың оқыту сапасы мен эмоционалдық күйіне ықтимал әсерін бағалау; сондай-ақ ЖИ қолдану деңгейі мен оны білім беру үдерісіне енгізуге кедергі болатын факторларды зерделеу. Эмпирикалық деректерді жинау үшін жабық және ашық сұрақтардан тұратын онлайн-сауалнама әзірленді. Жауаптарды талдау нәтижесінде оқытушылардың көпшілігінің ЖИ қолдануға оң көзқараста екендігі, технологияларды негізінен оқу материалдарын дайындау үшін пайдаланатыны және негізгі кедергілер ретінде құралдарға қолжетімділіктің шектеулігі, олардың сапасына сенімсіздік және этикалық алаңдаушылықтар екендігі анықталды. Бұл нәтижелер ЖИ-дің оқытушылық қызметтегі рөлін әрі қарай зерттеу мен қазіргі кәсіби шындықты қайта пайымдау қажеттілігін айқындайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles