ТІЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Серi Л.Т. Ablaikhan KazUIR&WL
  • Балтов М.И.
  • Карпенко T.E.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.006

Кілт сөздер:

цифрлық құзыреттілік, цифрландыру, технология, кәсіби дайындық, машиналық аударма, лингвистикалық студент, аудармашы, САТ жүйелері, АКТ құралдары

Аннотация

Мақалада лингвистика саласындағы цифрландыру жағдайында болашақ аудармашыларды даярлау мазмұнын жетілдіріп жақсартуды, аудармашылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Бұл мақалада мамандыққа байланысты тапсырмаларды орындау кезінде цифрлық құзыреттілігін дамытуға көмектесетін технологиялар мен әдістерді мұғалімдердің пайдалануы туралы студенттердің түсініктерін ұсынуға бағытталған.

Кәсіби цифрландыру саласындағы оқу үдерісінің артықшылықтарын түсіне отырып, кәсіби білім беруді Цифрландыру Кафедрасы жоғары оқу орындарының аударма студенттеріне бакалавриат деңгейінде оқытудың цифрлық материалдарын қолдана отырып, цифрлық құзыреттілікті дамытуға бағытталған курсты құрастырып бастады. Moodle платформасында ұйымдастырылған курсты мұғалімдер басқаратын сабақтар мен өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін онлайн курс ретінде пайдалануға болады. Зерттеу барысында цифрлық сабақтарды ұйымдастырудың бастапқы жағдайын жақсы түсіну үшін, сауалнама жүргізілді. Бұл мақала лингвистикалық студенттердің кәсіби цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруды технологияларын зерттеуге арналған. Сондай-ақ, мақалада «цифрландыру» және «цифрлық құзыреттілік» терминдерінің анықтамаларына талдау жасалған, цифрлық материалдардың мақсаттары мен мазмұны, олардың курстағы құрылымы және олар дамытатын негізгі цифрлық кәсіби дағдылары сипатталған.

Бұл зерттеудің практикалық құндылығы мамандандырылған лингвистикалық дайындық аясында цифрлық құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін ең маңызды технологиялық ресурстар мен құралдарды анықтауында жатыр. Сондай-ақ, ол лингвистика және аударма мамандықтары бойынша оқитын студенттер арасында негізгі кәсіби дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыруды тиімді қолдау және ілгерілету үшін тиісті АКТ құралдарын оқу бағдарламасына бейімдеуді және енгізуді ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles