ШЕТ ТІЛДІК МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА “FACE2FACE INTERMEDIATE” БІЛІМ БЕРУ ҚОСЫМШАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.027Кілт сөздер:
Мультимедиялық бағдарлама, шет тілдік коммуникативтік құзыреттілік, “Face2Face Intermediate”, электронды оқыту қосымшасы, мобильді қосымшалар, интерактивтілік, Лайкерт шкаласы бойынша сауалнама, эксперименттік оқытуАннотация
Аңдатпа. Мақалада мультимедиялық білім беру бағдарламаларының шет тілдерін оқытуға тиімді интеграциялау мәселесі қарастырылады, бұл оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Мұндай бағдарламалардың кеңінен қолданылуына қарамастан, оның дидактикалық қасиеттерін, әдістемелік функцияларын және оны білім беруде қолданудың кешенді жүйесін түсінуде олқылықтар бар. Осы тұрғыда “Face2Face Intermediate” қосымшасы таңдалды, себебі ол ақпарат пен инновацияны ұсынады, білім беру бағдарламасының стандарттарына сәйкес келетін тақырыптарды қамтиды және 8-сынып оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейіне сәйкес келеді. Мақаланың мақсаты - орта мектеп оқушыларының мультимедиялық шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға «Face2Face Intermediate» білім беру электронды қосымшасының әсерін көрсету. Зерттеу оқушылардың білім беру қосымшасын пайдалануына қатысты көзқарастарын бағалау үшін Лайкерт шкаласы бойынша сауалнаманы, жиналған деректерді SPSS көмегімен сандық талдауды, соның ішінде жиілік, пайыздық және сенімділік бағалауларын пайдаланады. Бұл білім беру қосымшасы оқушылардың тілді меңгеруінде қандай өзгерістер болатынын, қандай тілдік немесе айтылым дағдыларының жақсаратынын немесе керісінше, оқушылар мен мұғалімдер үшін де осы қосымшаны пайдалану кезінде қандай да бір тілдік немесе психологиялық мәселелер туындайтынын анықтау үшін эксперименталды түрде сынақтан өткізілді. Дегенмен, шет тілдік коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру барысында қол жеткізген жоғары нәтижелер «Face2Face Intermediate» білім беру электрондық қосымшасының тиімді әсер етуіне байланысты оқу процесінде пайдалану қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.





