ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ «ПЕДАГОГТІҢ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Тазабек А.К. K. A. Yasawi IKTU
  • Беркинбаева Г.О.
  • Шойбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.005

Кілт сөздер:

педогогтің сөз мәдениеті, психологиялық аспектілер, эмоционалды интеллект, педагогикалық қарым-қатынас, кәсіби даму, оқыту үдерісі, білім беру, психология

Аннотация

Бүгінгі білім беру жүйесінде болашақ педагогтарды жан-жақты даярлау – жоғары оқу орындарының басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте, «Педагогтің сөз мәдениеті» пәнінің алатын орны ерекше. Аталған пән тек тілдік нормаларды меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық аспектілерін түсінуге және меңгеруге бағытталған.  Зерттеу мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына әсер ететін маңызды компоненттердің бірі ретінде «Педагогтің сөз мәдениеті» пәнін психологиялық тұрғыдан оқыту ерекшеліктерін талдау және оның тиімді әдістемелік моделін ұсыну. Зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде сөйлеу мәдениетінің психологиялық және коммуникативтік аспектілерін айқындауға бағытталған. Мақалада педагогтің сөз саптау, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен интонациясының оқушылардың қабылдауына, мотивациясына және эмоционалдық ахуалына әсер ету тетіктері зерделенеді. Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынаста тыңдаушының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру, эмоционалды тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту мәселелері талданады. Ғылыми және практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелері педагогикалық жоғары оқу орындарында «Педагогтің сөз мәдениеті» пәнін оқыту процесін жетілдіруге, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және психологиялық тұрғыдан тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Әдіснамасы – сипаттамалық және талдамалық тәсілдерге, психолингвистикалық және педагогикалық психология қағидаттарына сүйенеді. Зерттеу барысында бақылау, сауалнама, сұхбат және тәжірибелік сабақ үлгілері сияқты әдістер қолданылып, студенттердің сөйлеу және коммуникативтік мінез-құлқын дамытудағы психологиялық тренингтер мен рөлдік ойындардың тиімділігі зерделенеді. Қорытындысында, пәнді психологиялық бағытта ұйымдастыру болашақ педагогтің кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, оның тұлғалық кемелденуіне және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға септігін тигізетіні анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles