МАҒЫНАЛЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Айсагалиева А.Т. КазНУ имени аль-Фараби
  • Кайхан И.1
  • Бектемирова С.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.035

Кілт сөздер:

мазмұнды геймификация, шетел тілін меңгеру, ішкі мотивация, коммуникативтік құзыреттілік, RECIPE моделі, ойын арқылы оқыту, оқушының белсенділігі, рефлексия, білім беру технологиялары

Аннотация

Бұл мақалада шетел тілі ретінде ағылшын тілін меңгеру барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға мазмұнды (осмысленная) геймификацияның ықпалы жан-жақты талданады. Зерттеу Скотт Николсон ұсынған RECIPE моделіне сүйенеді. Аталған модель рефлексия, таңдау, қатысу, ақпарат, ойын және экспозиция сияқты алты негізгі компоненттен тұрады. Бұл компоненттердің әрқайсысы оқу үдерісін тереңірек түсінуді, оқушылардың жауапкершілігін арттыруды және олардың ішкі мотивациясын қолдауды көздейді. Модельдің басты мақсаты оқушылардың пәнге деген табиғи қызығушылығын оятып, олардың оқу әрекетіне саналы, мақсатты түрде қатысуын ынталандыру болып табылады. Квазиэксперименттік зерттеу Алматы қаласындағы №34 гимназияның 7-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Зерттеу дизайны екі топты қамтыды: бақылау тобы дәстүрлі геймификация әдістерімен жұмыс істесе, эксперименттік топта мазмұнды геймификация элементтері енгізілді. Зерттеу барысында түрлі әдістер қолданылды: коммуникативтік құзыреттілікті алдын ала және кейіннен диагностикалау, оқушыларға сауалнама жүргізу, сабақ барысын жүйелі бақылау, оқушылардың рефлексиялық күнделіктерін талдау және жартылай құрылымдалған сұхбаттар алу.

Алынған нәтижелер эксперименттік топтың оқушылары ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау белсенділігінің, өзіне деген сенімділіктің және ішкі оқу мотивациясының айтарлықтай артқанын көрсетті. Зерттеу мазмұнды геймификацияның тілдік құзыреттілікті дамытуда, сондай-ақ тілді ұзақ мерзімді үйренуге қызығушылық пен тұрақты қатысуды қалыптастыруда тиімді педагогикалық стратегия екенін дәлелдейді. Мақалада мұғалімдерге практикалық ұсыныстар ұсынылып, болашақ зерттеулерге арналған бағыттар айқындалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles