ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Макашева А.П. Кызылординский университет имени Коркыт Ата
  • Каримова Б.С.
  • Абдрашева Д.М.
  • Дарибаева Ж.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.021%20

Кілт сөздер:

интернационалдандыру, жоғары білім, үйдегі интернационалдандыру, лингвомәдени құзыреттілік, шет тілін оқыту, виртуалды алмасу, мәдениетаралық коммуникация, ынтымақтастық

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақалада жоғары білім беруді интернационалдандырудың стратегиялық құрамдас бөлігі ретінде үйдегі интернационалдандыруды жүзеге асыру арқылы студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру, оның тиімділігі және оқу үдерісінде кездесетін қиындықтар қарастырылады,.

Деректерді жинау және талдау үшін аралас әдісі қолданылды. Зерттеу жұмысына барлығы 60 қатысушы тартылды: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен 30 студент және Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінен 30 студент. Сапалық және сандық зерттеу дизайны үйдегі интернационалдандыру бағдарламасы туралы студенттердің ой-пікірлерін тереңірек анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері виртуалды алмасу халықаралық өзара әрекеттесу үшін, әсіресе шетелде оқу мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін қолжетімді және инклюзивті балама болып табылатынын көрсетеді. Зерттеу барысында виртуалды алмасуға негізделген үйдегі интернационалдандыру бағдарламасы студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін арттыратынын дәлелдемелермен расталды. Алайда оң нәтижелерге қарамастан, тілдік кедергілер мен техникалық мәселелер сияқты бірнеше қиындықтар да анықталды. Зерттеу қорытындыларына сүйенсек, білім беруді интернационалдандыруға және студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін дамытуға бағытталған жоғары оқу орындары дәстүрлі ұтқырлық бағдарламаларымен қатар үйдегі интернационалдандыру стратегияларына басымдық беруі қажет екендігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles