КӘСІБИ БАҒДАРЛАНҒАН МӘТІН АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.010Кілт сөздер:
студент,, кәсіби-бағдарланған мәтін, принцип, коммуникативті құзыреттілік, ынтымақтастықта оқыту,, коммуникативті дағды, әдіс, тәсілАннотация
Бұл мақала студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үрдісінде басты оқыту материалы ретінде кәсіби бағытталған мәтіндерді пайдалануға назар аударады. Автор кәсіби білімді толықтыру және табысты кәсіби іс-әрекетке қажетті басқа коммуникативті дағдыларды дамыту үшін сөйлеу әрекетінің бұл түрінің үлкен маңыздылығын атап көрсетеді. Сондай-ақ, авторлар кәсіби бағдарланған мәтіндердің студенттерді заманауи еңбек нарығы талаптарына дайындаудағы және кәсіби стандарттарды өзгерту жағдайында оқу бағдарламаларын жаңартудағы рөлін талқылайды. Мақалада сонымен қатар кәсіби бағдарланған мәтіндердің студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, түрлі коммуникативті жағдайларға бейімделуге және білім беру ортасында табысты өзара әрекеттесуге ықпалы қарастырылған. Мақалада сондай-ақ осы принциптерге қол жеткізуге бағытталған тиімді стратегиялар мен әдістер қарастырылады: айқындық пен қолжетімділік принципі, өзектілік принципі, интерактивтілік принципі және олардың студенттерді табысты кәсіби іс-әркетке даярлауға әсері талқыланады. Тілдік және коммуникативті дағдыларды дамытудың негізгі құралы болып табылатын кәсіби бағдарланған мәтіндерді оқытуда пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада мәдениетаралық коммуникация саласындағы табысты кәсіби іс-әрекетке қажетті кәсіби лексиканы, коммуникацияның нақты құрылымдары мен жанрларын тиімді меңгеруге және пайдалануға ықпал ететін әдістер мен тәсілдер талданады. Осы мәтіндерді жүйелі түрде қолдану коммуникациялық дағдыларды дамытуға және бүгінгі еңбек нарығының талаптарына сәйкес студенттердің кәсіби өмірге дайындығын арттыруға көмектесетіні дәлелденді.





