СТУДЕНТТЕРГЕ СӨЗЖАСАМДЫ ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДА МЕҢГЕРТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

Автор(лар)

  • Абитова Ж.С. ҚазҰлтҚызПУ
  • Сулейменова Ж.Н.
  • Сатбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.014

Кілт сөздер:

сөзжасам, когнитивтік тәсіл, лингвокогнитивтік құзыреттілік, тілдік сана, тілдік ойлау, педагогикалық модель, жоғары білім берудегі сөзжасам, когнитивтік тәсіл, когнитивті оқыту моделі

Аннотация

Бұл мақалада студенттердің сөзжасамды меңгеруіндегі лингвокогнитивтік құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – сөзжасамды оқытуда когнитивтік тәсілді қолдану арқылы тілдік және танымдық қабілеттерді қатар дамыту жолдарын анықтау. Зерттеу жұмысы тілдік білімді тек құрылымдық деңгейде емес, сонымен қатар ұғымдық, мағыналық деңгейде меңгертудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу әдістемесінде лингвокогнитивтік талдау, бақылау, салыстырмалы талдау, практикалық тапсырмалар арқылы білім берудің тиімді жолдары қарастырылды. Нәтижесінде, студенттер сөзжасам үдерістерін тек тілдік бірліктер ретінде емес, мағына мен ұғым қалыптастыру құралы ретінде қабылдай бастайды. Авторлар когнитивтік модельді қолдану студенттердің тілдік ойлауын дамытып, олардың болашақ кәсіби қызметінде тілдік құралдарды саналы әрі шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Зерттеу жұмысы лингвистика, психолингвистика және білім беру салаларының тоғысында орналасқан және қазақ тілін оқытуда жаңаша көзқарас қалыптастыруға үлес қосады. Жұмыстың практикалық мәні – оны жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарына енгізу арқылы студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыру.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles