БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2020.58.3.006Кілт сөздер:
ақпарат, мәдениет, ақпараттық мәдениет, интернет мәдениет, медиамәдениет, интернет технологиялар, интернет-оқыту, жоғары сынып оқушысының интернет мәдениетіАннотация
Мақала бүгінгі күнгі өзекті мәселе оқушылардың интернет мәдениетін дамытуға арналған. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің біріне айналуда. Әр адамның тағдыры оның күнделікті өмірде жаңа ақпаратты қалай алғанына, оны сәйкес қабылдап, қолдана алатындығына байланысты.
Демек, ақпараттық мәдениеттің маңыздылығы және оның жеке тұлға бойында қалыптасуының маңыздылығы арта түседі. Осыған байланысты авторлар интернет- мәдениетті дамыту қазіргі тәрбие мен білім беру жүйесінің міндетті және ажырамас бөлігі болуы керек деп санайды. Мақалада зерттеліп отырған тақырып бойынша жаңа материалдар қорытындыланған, жоғары сынып оқушысының интернет мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық аспектілері ашып көрсетілген, «жоғары сынып оқушысының интернет мәдениеті» ұғымының мәні айқындалған және оның тұлғаның жалпы мәдениетінің бөлігі ретінде мазмұны нақтыланған.