БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ: БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ШОЛУ (2004-2024 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫ)

Автор(лар)

  • Ералиева А.Н. ЮКГПУ
  • Есназар А.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.041

Кілт сөздер:

STEM технологиясы, бастауыш мектеп, библиометриялық анализ, ғылыми ынтымақтастық, визуалды карта, VOSviewer, Web of Science, дерекқор

Аннотация

STEM технологиясы бастауыш мектеп оқушыларының креативті ойлауын, шығармашылық қабілетін және практикалық дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, білім беру процесіне STEM технологиясын ерте жастан енгізу – болашақ ұрпақтың ғылым мен технологияға бейімділігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

Соңғы жылдары STEM технологиясына негізделген оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы зерттеуде бастауыш мектептегі STEM технологиясының ғылыми тұрғыдан дамуын көрсету мақсатында библиометриялық талдау жүргізілді. Зерттеу 2004-2024 жылдар аралығында Web of Science дерекқор базасында жарияланған «STEM in primary school» тақырыбындағы ғылыми еңбектерді қамтиды. Барлығы 4013 мақала зерттеліп, «STEM education», «STEM in primary school» және «STEM schools» кілт сөздері негізінде сұрыпталды. Библиометриялық талдау VOSviewer бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, келесі негізгі көрсеткіштер қарастырылды: жылдар бойынша жарияланымдардың динамикасы, елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастық, авторлар мен ұйымдардың бірлескен еңбектері, авторлар арасындағы дәйексөз байланыстары және кілт сөздердің жиі кездесуі. VOSviewer көмегімен алынған мәліметтер ғылыми байланыстар мен серіктестік желілерін визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері STEM технологиясы бойынша жарияланымдар санының, әсіресе 2020 жылдан бастап айтарлықтай артқанын көрсетті. АҚШ – жарияланым саны, дәйексөздер және белсенді авторлар бойынша көшбасшы ел ретінде танылды. Бұл зерттеу STEM технологиясы саласында болашақ зерттеулерге ғылыми бағыт береді. Атап айтқанда, пәнаралық ынтымақтастықты арттыру, мұғалімдердің осы саладағы кәсіби біліктілігін жетілдіру, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және STEM технологиясының тиімділігін бағалауға арналған сенімді әдістемелік құралдарды әзірлеу – саланың өзекті басымдықтары ретінде көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles