ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОЛДАУЫМЕН ОЙЫН СЦЕНАРИЙЛЕРІ ТІЛ ҮЙРЕНУДЕ АВТОНОМИЯНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Артықбаева Ф.І. Ташенов университет
  • Кульгильдинова Т.А.
  • Юсупова Г.Т.
  • Турсынова Г.И.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.027%20

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, геймификация, оқушының автономиясы, мотивация, өзін-өзі реттеу, шет тілдері, цифрлық оқыту, білім беру

Аннотация

Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) қолдауымен персоналдандырылған ойын сценарийлерін шет тілін оқытуда оқушының автономиясын дамытуға пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ЖИ мен геймификацияның студенттердің мотивациясына, өзін-өзі реттеуіне және белсенді қатысуына әсерін анықтау, сондай-ақ олардың тәуелсіз оқуға тиімділігін бағалау. Ғылыми мәні – ЖИ мен ойын технологияларын білім беру үдерісіне біріктірудің педагогикалық әлеуетін негіздеу, практикалық мәні – осы құралдарды шет тілін оқытуда қолдану үшін әдістемелік ұсыныстар әзірлеуде. Зерттеу Ж.А. Ташенов атындағы университеттің «Екі шет тілін оқыту мұғалімдерін даярлау» бағдарламасы бойынша оқитын 259 студент арасында сандық сауалнама арқылы эмпирикалық түрде жүргізілді. Сауалнама 25 пункттен тұрып, бес тақырыптық блокқа бөлінген: цифрлық және ЖИ құралдарымен мақсат қою және жоспарлау, өзін-өзі реттеу және оқу ұйымдастыру, цифрлық құралдар мен ЖИ қолдану, ЖИ мен геймификацияның оқуға әсері, мотивация және белсенділік. Деректерді талдау студенттердің ЖИ мен геймификацияны оң қабылдайтынын, автономды оқудың негізгі аспектілері арасында жоғары корреляция бар екенін көрсетті; медиаторлық талдау мотивация ЖИ-ның өзін-өзі реттеуге әсерін ішінара делдалдық жасайтынын анықтады. Нәтижелер студенттердің жасанды интеллект пен геймификацияны біріктіруді оқушы автономиясын, мотивациясын және оқу үдерісіне қатысуын қолдайтын фактор ретінде қабылдайтынын көрсетеді, бұл шет тілін оқытудың цифрлық және персоналдандырылған әдістемесін дамытуға мүмкіндік береді. Практикалық мәні – алынған нәтижелерді білім беру бағдарламаларын, цифрлық курстар мен әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуде студенттердің автономиясын арттыру үшін қолдану мүмкіндігінде.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles