БІЛІМ БЕРУДЕГІ МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ СТРАТЕГИЯЛАР: ИНКЛЮЗИВТІ ПЕДАГОГИКА МЕН ДИСЛЕКСИЯСЫ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Кисметова Г.Н. Зку имени М. Утемисова
  • Гауриева Г.М.
  • Толстова О.С.
  • Кадыргалиева С.И.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.016

Кілт сөздер:

мультимодальды стратегиялар, мультимодальды тәсілдер, инклюзия, инклюзивті педагогика, инклюзивті білім беру, дислексия, дислексиялық білім алушыларды қолдау,, дислексиялық білім алушыларды дамыту

Аннотация

Бұл мақалада заманауи білім беру жүйесінің алдында тұрған, барлық білім алушыларға олардың жеке ерекшеліктері мен шектеулеріне қарамастан, атап айтқанда дислексиядан зардап шегетіндерге тең мүмкіндіктер беруге бағытталған инновациялық педагогикалық шешімдерді әзірлеу қажеттілігіне байланысты мәселелер қарастырылады. Зерттеу жұмысы инклюзивті педагогикада мультимодальды стратегиялардың мүмкіндіктерін және дислексиясы бар білім алушыларды қолдауды жан-жақты зерделеу мақсатында жүргізілді. Зерттеудің негізгі бағыттары: мультимодальды оқыту және инклюзивті педагогика саласындағы базалық принциптерді және зерттеулердің қазіргі жағдайын талдау; дислексиясы бар білім алушылармен педагогикалық жұмыста мультимодальды тәсілдерді пайдалана отырып бағдарлама әзірлеу; дислексиясы бар білім алушылардың оқу мотивациясы мен академиялық үлгерімін арттыруда мультимодальды стратегиялардың тиімділігін бағалау арналған зерттеу жұмысы. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы дислексиясы бар білім алушыларды оқыту кезінде мультимодальды стратегиялардың білім беру үдерісінің сапасына әсер ету механизмдері туралы тереңдетілген түсінік алу мүмкіндігімен анықталады. Практикалық құндылығы дислексиясы бар білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтар мен педагог-психологтар қолдана алатын шаралар кешенін әзірлеуде жатыр. Зерттеу әдіснамасы теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері мен практикалық шараларды әзірлеуді қамтиды. Зерттеу нәтижелері гипотезаны растайды, өйткені инклюзивті білім беруге мультимодальды оқыту стратегияларын енгізу дислексиясы бар білім алушылардың когнитивті дамуына, мотивациясына және академиялық табыстылығына оң әсер еткені эксперименттік жолмен анықталды. Зерттеудің құндылығы инклюзивті педагогиканың теориясы мен практикасын кеңейтуде болып табылады, өйткені онда дислексиясы бар білім алушылар білім беруде мультимодальды стратегияларды іске асырудың ғылыми негізделген тәсілі ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles