ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.009Кілт сөздер:
білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект, музыка мұғалімдерін кәсіби даярлау, бейімделген оқыту, цифрлық технологиялар, Қазақстан, инновациялық оқыту әдістері, өнер білім беру, музыкалық дайындыққа арналған виртуалды тренажерлерАннотация
Бұл зерттеудің өзектілігі білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ музыка мұғалімдерін даярлау жүйесін жаңғырту қажеттілігімен және педагогтарды кәсіби даярлауда инновациялық технологиялардың, әсіресе жасанды интеллектінің (ЖИ) рөлі артып отырғанымен айқындалады. ЖИ-ті музыка-педагогикалық білімге енгізу жекелендірілген оқытуды жүзеге асыруға, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және цифрлық құзыреттілікті қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – Қазақстан Республикасының білім беру саясатының басым бағыты. Зерттеудің мақсаты – болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби даярлауда жасанды интеллект технологияларын қолдану әлеуетін талдау, оларды оқу процесіне енгізудің негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ музыка білімін цифрландыруға байланысты артықшылықтар мен тәуекелдерді айқындау. Осы мақсатқа жету үшін ғылыми әдістер кешені пайдаланылды: талдау мен жинақтау, жүйелік-құрылымдық әдіс, салыстырмалы әдіс, және болжамдық әдіс. Мақалада Қазақстандағы білім беруді цифрландырудың қазіргі жағдайы қарастырылады. Музыка мұғалімдерін даярлауда ЖИ қолдану бағыттары айқындалады: бейімделген оқыту платформаларын құру, музыкалық жаттығуларға арналған виртуалды тренажерлер, интеллектуалды бағалау жүйелері және генеративті музыкалық модельдер. ЖИ қолдану оқу процесін жекелендіруге, практикалық дайындықтың тиімділігін арттыруға және заманауи музыка мұғаліміне қажетті цифрлық құралдарды меңгеруге ықпал ететіні негізделеді. Сонымен қатар шешуді қажет ететін техникалық, әдістемелік және этикалық мәселелерге назар аударылады. Зерттеу нәтижелері негізінде оқу бағдарламаларын жетілдіру және болашақ музыка мұғалімдерін даярлау жүйесіне инновациялық цифрлық технологияларды енгізу жөнінде ұсынымдар әзірленді.





