ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЫҚТИМАЛДЫҚ ӘДІСТЕР: КӘСІБИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.026Кілт сөздер:
ықтималдық әдістер, кәсіби-бағдарлы оқыту, қолданбалы тапсырмалар, Бернулли формуласы, кәсіби құзыреттілік, қайталама сынақтар, Муавр-Лапластың локальдық теоремасы, Муавр-Лапластың интегралдық теоремасыАннотация
Технологиялық даму мен инженерлік жүйелердің күрделенуі жағдайында белгісіздік жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, деректерді талдап, негізделген шешімдер қабылдай алатын мамандарды даярлау қажеттілігі артып отыр. Осыған байланысты техникалық мамандықтардағы студенттерді оқытуда ықтималдық әдістерін қолдану ерекше өзектілікке ие. Зерттеудің мақсаты – кәсіби-бағдарлы оқытуда ықтималдық әдістерін қолданудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және негіздеу. Негізгі жұмыс бағыттары ықтималдық модельдерін білім беру процесіне интеграциялаумен, оқыту мазмұнын инженерия және IT саласының міндеттеріне бейімдеумен, сондай-ақ студенттерде деректерді талдау, болжау және шешім қабылдау дағдыларын дамытумен байланысты. Зерттеудің негізгі идеясы теориялық дайындықты нақты өндірістік міндеттермен жақындату болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы ықтималдық әдістерінің кәсіби ойлауды қалыптастыру және аналитикалық құзыреттіліктерді дамыту құралы ретіндегі рөлін негіздеуде. Практикалық маңыздылығы әзірленген тәсілдерді оқу бағдарламаларын жобалау кезінде қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу әдіснамасы бақылау және эксперименттік топтарды пайдалана отырып, квазиэксперименттік тәсілге, алдын ала және қорытынды тестілеу жүргізуге, сондай-ақ деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануға негізделген. Экспериментте ықтималдық модельдеріне негізделген кәсіби-бағдарланған есептер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері ықтималдық әдістерін қолдану студенттердің оқу жетістіктерінің айтарлықтай артуына ықпал ететінін көрсетті: эксперименттік топта орташа баллдың 16- ға өсуі статистикалық маңызды айырмашылықтармен (p < 0,001) тіркелді, ал бақылау тобында өзгерістер шектеулі сипатта болды. Алынған деректер ұсынылған тәсілдің тиімділігін растайды. Зерттеудің құндылығы ықтималдық әдістерін кәсіби-бағдарланған оқытуға интеграциялаудың әдістемелік моделін әзірлеуде. Нәтижелердің практикалық мәні олардың білім беру бағдарламаларын жаңғырту және белгісіздік пен технологиялық күрделілік жағдайында тиімді жұмыс істей алатын мамандарды даярлау кезінде қолданылу мүмкіндігінде.





