МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Ниязова Г.Ж. МКТУ имени Х.А.Ясави
  • Беркимбаев К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.002

Кілт сөздер:

Цифрлық технологиялар, техникалық құралдар, білім беру, цифрлық құзыреттілік, біліктілік жетілдіру, цифрлық педагогика, ғылыми семинар

Аннотация

Заманауи цифрлық технологиялар білім беру саласында жаңаша оқыту әдістемелерін, оқыту технологияларын іске асырудың өзектілігін көрсетуде. Бұл алдымен компьютерлік сауаттылық, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудан бастау алатын білім беруді цифрландырумен тікелей байланысты. Себебі, қазіргі кезде мектептерді компьютерлік сыныптармен жабдықтау, олардың интернет байланысымен қамтамасыз етілуі мәселесінен жоғары тұратын білім беру ұйымдарының жұмысын цифрлық технологиялар мүмкіндіктері арқылы іске асырудың жаңа модельдерін құру мен ұсыну бағытында жұмыстар жасалуда. Білім берудің цифрландырылуы мұғалімдерден цифрлық технологиялардың педагогикалық потенциалын кәсіби педагогикалық қызметте пайдаланумен қатысты цифрлық құзыреттілікті талап етеді.

Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдалануға қажетіліктердің өсуі, білімнің қолжетімділігі мен ақпараттық тасқынның артуы білім беру жүйесі қызметкерлеріне  кәсіби құзыреттілікті ұдайы жетілдірудің қажеттілігін көрсетеді. Білім берудің цифрлық трансформациясы, қашықтықтан оқытудың жедел дамуы жағдайында кәсіби құзыреттіліктің құраушысы болып табылатын мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл өз кезегінде мектеп мұғалімдерінің цифрлық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалануға қажітті білімдер мен кәсіби қабылеттерді жетілдіру мақсатында біліктілік жетілдіру іс-шараларына белсене қатысуларын қажет етеді. Осы орайда ұсынылып отырған бұл мақалада мектеп мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға бағдарланып, қашықтықтан іске асырылған жұмыстарымыз туралы баяндалады. Атап айтқанда, «Цифрлық педагогика» біліктілік жетілдіру курсын ұйымдастыру және іске асырудың әдістемелік жүйесі, мұғалімдердің цифрлық технологияларды білім беруде кеңінен қолдану мен іске асыру мотивацияларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік іс-шаралар туралы тәжірибемізді бөлісеміз. Ұсынылған зерттеу жұмыстарының нәтижелері білім беру жүйесін жетілдіру мен біліктілікті арттыру жұмыстарын ұйымдастыруда маңызды сипатқа ие.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи