ҮШТІЛДІ ОРТАДАҒЫ ЖОБАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН CLIL: АҒЫЛШЫН ТІЛІ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН МОТИВАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАЙЫМДАУЛАРЫ

Автор(лар)

  • Байжанова Г.Н. Korkyt Ata Kyzylorda University
  • Қоңырбаева С.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.019

Кілт сөздер:

пәндік-тілдік интегративтік оқыту, жобалық оқыту, транслингвация, шетел тілін үйрену, студенттердің көзқарасы, тілдік дағдылар, мотивация

Аннотация

Жоғары білім беру жүйесінде ағылшын тілін «оқыту тілі» ретінде пайдалану және үштілді білім беру Қазақстан сияқты көптілді контексттерде кеңінен таралуына байланысты тіл дамытудың тиімді педагогикалық тәсілдерін зерделеу барған сайын өзекті мәселеге айналуда. Зерттеу жобаға негізделген пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) тәсілінің студенттердің мотивациясы мен ағылшын тілі дағдыларының дамуына қалай әсер ететінін зерттейді және білім алушылардың дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғандағы пайымдауларын талдайды. Зерттеуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқитын ағылшын тілі мамандығының 20 үшінші курс студенті қатысты. Сауалнамаға арқылы жиналған сандық зерттеу деректері SPSS бағдарламасында сипаттамалық статистика және Пирсон корреляциясы арқылы талданды. Нәтижелер студенттердің жобаға негізделген CLIL-дің сөйлеу және оқу дағдыларын дамытуда тиімділігін, ал транслингвация тәжірибелерінің түсінуді жеңілдететінін көрсетті. Ал, жазылым және тыңдалым дағдылары салыстырмалы түрде аз дамыған. Студенттердің жобаға негізделген CLIL-дан алған ләззаты мен сөйлеу дағдысының жетілуін субъективті тұрғыдан бағалауы арасындағы күшті оң корреляция (r = 0,690, p < ,001) интерактивті тіл үйрену ортасында аффективті қатысудың маңыздылығын айқындайды. Зерттеу CLIL теориясына, бар тұжырымдамалық негіздерде жеткілікті теориялануы орын алмаған ынтымақтастықты негізгі компонент ретінде бөліп көрсету арқылы үлес қосады. Іріктеме көлемі мен бағалаудың қысқа мерзімділігіне байланысты шектеулерге қарамастан, нәтижелер транслингвация элементтерін қамтылған жобаға негізделген CLIL-дың тілдік дағдылар мен мотивацияны нығайтатынын айғақтайды. Алынған деректер көптілді білім беру ортасында CLIL енгізетін оқу бағдарламасын жасаушылар мен педагогтарға практикалық нұсқаулар ұсынады.                                                      

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles