ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.040%20%20Кілт сөздер:
интегративті тәсіл, пәнаралық интеграция, интеграцияланған тапсырмалар, оқу әрекетінің трансформациясы, кіріктіру қағидаты, педагогикалық модельдеу, эмпирикалық зерттеу, ақыл-ой белсенділігіАннотация
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығының төмендеу мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру тәжірибесінде оқу мазмұнының фрагменттеліп берілуі оқушылардың танымдық белсенділігіне кері әсер ететіні негізделеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – оқу қызығушылығын арттырудың әдіснамалық тетігі ретінде интеграцияланған тапсырмалардың тиімділігін айқындау. Зерттеу барысында теориялық талдау және эмпирикалық әдістер қолданылды. Нәтижесінде интеграцияланған тапсырмалардың оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға және оқу әрекетінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететіні анықталды.
Зерттеу көпдеңгейлі әдіснамалық ұстанымдарға сүйене отырып жүргізілді. Әдіснамалық негіз ретінде білім беру үдерісін тұтас педагогикалық жүйе ретінде қарастыратын жүйелік-құрылымдық, оқушының танымдық белсенділігін жетекші фактор ретінде айқындайтын іс-әрекеттік, сондай-ақ оқу мазмұны мен әрекет түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз ететін кіріктіру қағидаттары алынды. Теориялық деңгейде зерттеліп отырған мәселенің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі жай-күйіне талдау жасалып, оқу қызығушылығын дамытудың ғылыми-әдіснамалық алғышарттары айқындалды.
Эмпирикалық деңгейде педагогикалық бақылау, диагностикалық сауалнама, қалыптастырушы эксперимент және алынған нәтижелерді өңдеу мен интерпретациялаудың салыстырмалы-аналитикалық әдістері қолданылды. Қалыптастырушы эксперимент аясында оқу тапсырмалары пәндік шекаралардан тыс құрылып, білім мазмұнының мазмұндық және әрекеттік компоненттерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ететін интеграциялық модель әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Ұсынылған модель оқушылардың білімді репродуктивті деңгейде емес, мағыналық және рефлексиялық тұрғыда меңгеруіне бағытталды.
Зерттеу нәтижелері интеграцияланған тапсырмалардың оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі ішкі уәждерді белсендендіріп, танымдық қызығушылықтың сапалық трансформациясын қамтамасыз ететінін көрсетті. Эксперимент қорытындысы бойынша оқушылардың оқу мазмұнын қабылдауында тұтастықтың қалыптасқаны, пәндік білімдердің өзара байланыста ұғынылуы және оқу әрекетінің дербестік деңгейінің артқаны анықталды. Сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық қабілеттерінің, танымдық бастамашылдығы мен шығармашылық белсенділігінің өсу динамикасы байқалды. Қорытындылай келе, интеграцияланған тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылығын дамытудың тиімді педагогикалық құралы ғана емес, оқу әрекетін жаңаша ұйымдастыру мен қайта құрылымдаудың маңызды әдіснамалық ресурсы ретінде негізделеді.





