ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА БАҒДАРЛАНҒАН БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.020%20Кілт сөздер:
тұрақты даму мақсаттары, бастауыш сынып мұғалімдері, кәсіби құзыреттілік, кәсіби даярлау, сандық зерттеу, педагогикалық білім беру, рефлексивтік дағдылар, мотивациялық ұстанымАннотация
Қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі экологиялық, әлеуметтік және экономикалық трансформациялар білім беру жүйесіне, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісіне жаңа талаптар жүктеп отыр. Аталған ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін кешенді түрде анықтау және осы қағидаттарды жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне тиімді интеграциялаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін бағалау болып табылады. Зерттеудің негізгі бағыттары мен негізгі идеялары болашақ педагогтардың тұрақты даму идеяларын бастауыш білім беру мазмұнына енгізу үлгілерін әзірлеуге, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік тұрақтылық мәселелерін шешуге деген кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған. Жұмыстың зерттеу методологиясы сандық зерттеу дизайнына негізделген. Эмпирикалық деректерді жинау мақсатында арнайы авторлық сауалнама әзірленіп, оған педагогикалық мамандықта оқитын әйел жынысты 101 студент-педагог қатысты. Сауалнама барысында респонденттердің ТДМ бойынша білімділік деңгейі, құндылықтық-мотивациялық ұстанымдары, практикалық-операциялық дағдылары мен рефлексивтік қабілеттері жан-жақты талданды. Жиналған мәліметтер математикалық-статистикалық өңдеуден өтіп, деңгейлік сараптама жасалды. Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, болашақ мұғалімдердің Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі жалпы түсінігі салыстырмалы түрде жоғары деңгейді (орташа 3,8–4,0 балл) көрсеткенімен, БҰҰ-ның 17 негізгі мақсатының терең мазмұны мен халықаралық құжаттар туралы нақты ақпараттану деңгейі төмен екендігі анықталды. Студенттер ТДМ идеяларын толық қолдағанымен, оларды тәжірибеде қолдану және рефлексивтік талдау жасау дағдылары орташа деңгейде қалып отыр. Кешенді талдау нәтижесінде респонденттердің құзыреттілік деңгейлері үш топқа жіктелді: қатысушылардың 42%-ы жоғары, 21%-ы орташа және 37%-ы төмен деңгейді көрсетті. Осы эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып, ТДМ қағидаттарын заманауи мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламаларына міндетті компонент ретінде енгізу қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденді. Мақалада алынған нәтижелер негізінде болашақ педагогтардың тұрақты даму саласындағы кәсіби шеберлігін дамытудың практикалық жолдары мен әдістемелік ұсыныстары тұжырымдалған.





