ChatBot технологиясының нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының есептеу мәдениетін дамытудағы НАШАР КӨРЕТІН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА CHATBOT ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІмүмкіндіктер
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.052Кілт сөздер:
нашар көретін оқушылар, ChatBot, жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, тифлопедагогика, есептеу қабілеті, цифрлық технология, бастауыш сынып оқушыларыАннотация
Нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының есептеу қабілеттерін дамыту қазіргі инклюзивті білім беру жүйесінде өзекті ғылыми-педагогикалық мәселе болып табылады. Бұл санаттағы оқушылардың танымдық ерекшеліктері көру арқылы ақпаратты қабылдаудың шектеулілігімен сипатталады, соның салдарынан математикалық ұғымдарды меңгеру, есептеу амалдарын орындау және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру үдерісі баяу жүреді. Осыған байланысты оқу үдерісін дараландыруға және бейімдеуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды, соның ішінде ChatBot жүйелерін қолдану қажеттілігі артып отыр.
Мақалада нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының есептеу қабілеттерін дамытуда ChatBot технологиясының педагогикалық және дидактикалық мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу барысында инклюзивті білім беру, арнайы педагогика және тифлопедагогика салаларындағы теориялық тұжырымдамаларға талдау жасалып, ChatBot-тың оқу материалын бейімдеу, жедел кері байланыс беру және когнитивтік қолдау көрсету функциялары негізделді.
Эмпирикалық зерттеу кезеңінде мұғалімдер мен арнайы педагогтарға сауалнама жүргізіліп, педагогикалық бақылау әдісі қолданылды. Сонымен қатар нашар көретін оқушыларға арналған бейімделген ChatBot жүйесі әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді. Жүйе дыбыстық сүйемелдеу, қарапайым интерфейс, қадамдық түсіндіру және интерактивті тапсырмалар негізінде құрылды. Алынған мәліметтер салыстырмалы-аналитикалық және сапалық талдау әдістері арқылы өңделді.
Зерттеу нәтижелері ChatBot технологиясының нашар көретін оқушылардың есептеу дағдыларын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға және дербес оқу әрекетін қалыптастыруға тиімді ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, ол оқу материалын қолжетімді форматта ұсыну арқылы инклюзивті білім беру сапасын арттыратын маңызды құрал екені дәлелденді.
Дегенмен, технологияны енгізуде әдістемелік бейімдеу мен техникалық қамтамасыз етуге байланысты бірқатар шектеулер анықталды. Бұл мәселелер ChatBot жүйелерін арнайы білім беру саласында тиімді қолдану үшін қосымша ғылыми зерттеулер мен әдістемелік әзірлемелерді қажет етеді.





