ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КОРПУСТЫҚ ЛИНГВИСТИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Ораз А.Н. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ
  • Маликов К.Т.
  • Байгутова Д.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.026

Кілт сөздер:

қазақ тілі, корпустық лингвистика, лексикалық дағдылар, оқыту тиімділігі, тіл үйрету әдістемесі, оқу үдерісі, корпустық технология, тәсіл

Аннотация

Мақалада қазақ тілін оқыту үдерісінде білім алушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастыруда корпустық лингвистиканы қолданудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі білім беру кеңістігіндегі тіл үйрету тәжірибесінде лексикалық дағдыларды қалыптастырудың жаңа, деректерге негізделген тәсілдерінің қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілін оқытуда корпустық технологияларды қолданудың әдістемелік алғышарттарын айқындау және олардың лексикалық дағдыларды қалыптастырудағы тиімділігін көрсету. Мақалада корпустық лингвистиканың білім алушылардың сөздік қорын кеңейту, сөздің мағынасын табиғи контексте түсіну және мағыналас бірліктердің қолданыс айырмашылығын айқындау мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу әдістері ретінде теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу және жалпылау, сондай-ақ сапалық және сандық сипаттағы педагогикалық зерттеу тәсілдері қолданылады. Сонымен қатар сапалық және сандық зерттеу тәсілдері үйлестіріліп, мәтіндік деректердің жиілігі, лексикалық бірліктердің корреляциялық байланыстары мен коллокациялық ерекшеліктері талданды. Voyant Tools жабық платформасында Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытатын сыныптарға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығынан мәтіндерді талдау үлгілерінің мүмкіндіктері қарастырылады. Корпустық талдауларды оқу үдерісіне кіріктіру лексикалық бірліктердің жиілігін, тіркесімділігін және семантикалық байланыстарын анықтауда білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып зерттеушілік және коммуникативтік белсенділігін дамытатындығы теориялық тұжырымдарға сай зерттеледі. Сонымен қатар тіл үйрету үдерісінде корпустық әдісті қолданудың негізгі әдістемелік алғышарттары мен оқу үдерісінде корпустық технологияны қолданудың әдістемелік моделінің үлгілері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері корпустық лингвистиканың лексикалық материалды іріктеу, сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіндіру, тіркесімділік ерекшеліктерін меңгерту және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда жоғары әдістемелік әлеуетке ие екендігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles