ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ФАКТОРДЫҢ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.007Кілт сөздер:
эмоциялар, эмоциялық жағдайдың диагностикасы,, эмоциялар мен сезімдердің динамикасы, ақыл-ой қызметіАннотация
Ғылыми-техникалық прогресс және цифрлық технологиялар ғасырында, қарым-қатынас сапасы жанама коммуникациялармен қызметтің түрлі салаларындағы тікелей байланыстың алмасуына байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды, адам үшін эмоционалдық күйзелістер жеке адамның ішкі дүниесін байыту және қоршаған болмысты тану көздерінің бірі ретінде өзінің қажеттілігі мен мақсаттылығын сақтайды. Адамның эмоционалдық көріністерінің әртүрлілігі, олардың қарқындылығы, тереңдігі мен ұзақтығы қоршаған ортаны бірегей және жалғыз болатын субъективті жеке кеңістікке айналдыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты эмоциялар жеке тұлғаның инстинктерімен, қажеттіліктерімен және уәждерімен байланысты психикалық үдерістер мен күйлердің ерекше класы ретінде әр адамның өмірінде бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Тұлғаның эмоционалды саласы, оның шығармашылық қызметін дамыту тетігі бола отырып, өз эмоцияларын көрсетуге және басқа біреудің эмоционалды жағдайларын қолдауға бағытталуы керек субьектілік - субьектілік өзара әрекеттестікте қарқынды дамиды. Шығармашылық іс - әрекеттің дамуын басқару логикасы, бұл жағдайда, оқушылардың эмоционалды жағдайларын бағаламай қабылдаудан олардың эмоционалды реакцияларын қолдауға, содан кейін қолдау қатынастарына негізделуі керек. Оқушылардың эмоциялық күйлері мен олармен жұмыс істеу әдістеріне қатысты пікірлерін түсіндірмей және бағаламай, біз олардың әрқайсысы өздері атайтын сезімдерді сезіну құқығын танудың ыңғайлы психологиялық ортасын жасаймыз.