БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.006Кілт сөздер:
информатика мұғалімдерін даярлау, жасанды интеллект, ЖИ сауаттылығы, ЖИ құзыреттілігі, кәсіби құзыреттілік,, ЖИ этикасы, цифрлық педагогика, педагогикалық даярлық, теориялық модельАннотация
Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының дамуы және олардың білім беру жүйесіне интеграциялану үдерісі қарқынды жүріп келеді. Бүгінде ЖИ технологиялары білім беру жүйесінде адаптивті білім беру, оқу жетістіктерін талдау, бағалауды автоматтандыру және т.б. бағыттарда дамып келеді. Сонымен қатар педагогтар мен білім алушылар оқу үдерісінде көптеген ЖИ құралдарын белсенді қолданып, ЖИ технологиялары білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Осы орайда педагогтардың ЖИ құралдарын білім беру үдерісінде тиімді, әрі сауатты қолдана алуы ЖИ сауаттылығы, ЖИ құзыреттілігі сияқты ұғымдарды қалыптастырды. ЖИ технологияларының информатика пәнінің мазмұнына біртіндеп енуі және орта мектептерде ЖИ негіздерін оқу пәні ретінде енгізу мәселелері информатика педагогтарының ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу міндетін қойды. Осыған байланысты болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар күрделеніп, олардың ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігін мақсатты түрде қалыптастырудың теориялық негіздерін жүйелеудің өзектілігі артуда. Бұл мақаланың мақсаты – болашақ информатика мұғалімдерінің ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау және құрылымдық-логикалық моделін ұсыну. Зерттеу теориялық сипатта жүргізіліп, салыстырмалы талдау, жүйелеу, жалпылау және концептуалдық модельдеу әдістері қолданылды. Теориялық модельдің негізгі дереккөздері ретінде Scopus дерекқорындағы еңбектер, халықаралық ұйымдардың аналитикалық құжаттары және қазақстандық зерттеулер пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде «педагогтың ЖИ сауаттылығы», «педагогтың ЖИ құзыреттілігі» және «Информатика педагогының ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігі» ұғымдарының мәні мен айырмашылықтары анықталды. Болашақ информатика мұғалімінің ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігі интегративті кәсіби сапа ретінде негізделіп, оның құрылымы танымдық, технологиялық, әдістемелік, этикалық және рефлексивтік компоненттер арқылы сипатталды. Сонымен қатар құзыреттіліктің қалыптасу логикасын көрсететін «кіріс–үдеріс–нәтиже» қағидатына сүйенген теориялық модель ұсынылды. Зерттеу болашақ информатика педагогтарының ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындайды. Зерттеу нәтижелерін информатика педагогтарын даярлау процесінде, информатика педагогтарының ЖИ саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесіне бағытталған зерттеулерде қолдануға болады.





