ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ: ТЕОРИЯЛЫҚ-КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ

Автор(лар)

  • Алтынбек Ә.А. Университет дружбы народов имени академика А.Куатбекова.
  • Әбдіғапбарова Ұ.М. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Halil İ.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.051

Кілт сөздер:

кәсіпкерлік ойлау, жоғары сынып оқушылары, әлеуметтік белсенділік, бастамашылдық, орындаушылық, жауапкершілік, жобалық қызмет, білім беру қызметі, тұлғалық даму, құрылымдық-функционалдық модель

Аннотация

Зерттеуде жалпы орта білім беруді жаңғырту жағдайында жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі қарастырылады. Білім алушылардың әлеуметтік белсенділігімен оның тығыз өзара байланысына ерекше назар аударылады, ол бастамашылдықты, жауапкершілікті, дербестікті және қайта құру қызметіне дайындықты дамытудың негізгі ресурсы ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауын қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделін теориялық тұрғыдан негіздеу және әзірлеу, оның компоненттік құрамын, педагогикалық шарттарын және бағалау өлшемдерін ашып көрсету. Жұмыстың негізгі бағыттары «кәсіпкерлік ойлау» ұғымының педагогикалық мазмұнын нақтылаумен, оның құрылымдық компоненттерін айқындаумен және әлеуметтік белсенділіктің оларды біріктіру тетігі ретіндегі рөлін анықтаумен байланысты.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы жоғары сынып жасында кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасу заңдылықтары туралы педагогикалық білімді толықтыруда, ал практикалық маңыздылығы әзірленген модельді кәсіпкерлік даярлық бағдарламаларын жобалауда пайдалану мүмкіндігінде көрінеді. Зерттеу әдістері ретінде отандық және шетелдік дереккөздерді теориялық талдау, қолданыстағы педагогикалық модельдерді салыстырмалы талдау, білім беру бағдарламаларының практикалық тәжірибесін жалпылау, сондай-ақ кәсіпкерлік ойлаудың құрылымын мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік, іс-әрекеттік және рефлексивтік компоненттерге бөліп көрсететін тұжырымдамалық модельдеу қолданылды. Теориялық талдау нәтижелері ұсынылып, жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыру заңдылықтары, соның ішінде құндылық бағдарлар мен жобалық белсенділіктің ықпалы айқындалды. Білім алушылардың тұлғалық және іс-әрекеттік сипаттамаларын интеграциялауды қамтамасыз ететін модельдің негізгі компоненттері анықталды; бастамашылдық, орындаушылық және жауапкершілік операцияланған көрсеткіштер ретінде, олардың қалыптасу деңгейлері (төмен, жеткілікті, оңтайлы) негізделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік ойлауының құрылымдық-функционалдық моделін әзірлеуде көрінеді. Бұл модель когнитивтік, мотивациялық-құндылықтық, іс-әрекеттік және рефлексивтік компоненттерді біріктіріп, олардың педагогикалық маңыздылығын негіздейді. Зерттеудің құндылығы әлеуметтік белсенділіктің сыртқы фон емес, кәсіпкерлік ойлауды қалыптастырудың жүйе құраушы тетігі ретінде қарастырылуында. Әзірленген модель білім беру ұйымдарының тәжірибесінде жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіпкерлік даярлық бағдарламаларын жобалауда, бастамашылдықты, жауапкершілікті және дербестікті дамытуға ықпал ететін жобалық қызметті ұйымдастыруда, сондай-ақ кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасу деңгейін диагностикалауда пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles