АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА КӨЗҚАРАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.046Кілт сөздер:
шеттілдік білім беру, ағылшын тілін оқыту, цифрлық технологиялар, цифрлық оқыту құралдары, лексика, шет тіл ретінде ағылшын тілі, лексиканы меңгерту, мұғалімдердің көзқарастарыАннотация
Соңғы жылдары цифрлық технологиялар адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың жедел дамуы ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісіне елеулі ықпал етуде. Мақалада шет тілі ретінде ағылшын тілі сабақтарында лексиканы оқыту барысында цифрлық оқыту құралдарының тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – орта мектептердің бастапқы сатысында оқушыларға лексиканы оқытуда цифрлық оқыту құралдарын қолдануға қатысты ағылшын тілі мұғалімдерінің көзқарастарын анықтау. Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мен цифрлық технологиялардың білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету құралы ретінде рөлінің артуымен анықталады. Зерттеуде сапалық, сандық және сипаттамалық зерттеу әдістері қолданылып, ағылшын тілі мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамада сабақ барысында қолданылатын цифрлық оқыту құралдарының түрлері, оларды сабаққа интеграциялау жиілігі, оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен лексиканы меңгеруіне ықпалы, бағалау тәжірибесі және оларды қолдану барысында кездесетін қиындықтар қарастырылды. Зерттеу нәтижелері Quizlet, Quizizz, Wordwall және Kahoot сияқты құралдар қарапайымдылығы, интерактивті мүмкіндіктері және материалды қайталау мен бекітуге қолайлы болу ерекшеліктеріне байланысты кеңінен қолданылатындығын көрсетті. Зерттеуге қатысқан мұғалімдер цифрлық құралдар сабақтарға мақсатты түрде енгізілген кезде оқушылардың сабақтарда белсенділігінің артқанын, мотивацияның жоғарлауын және лексиканы жақсы есте сақтауын ерекше атап өтті. Зерттеу цифрлық оқыту құралдарының оқушылардың сөздік қорды меңгеруге әсерін бағалай отырып, құнды педагогикалық тұжырымдар ұсынады. Зерттеу нәтижелері орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдеріне оқушылардың сөздік қорын дамыту үшін цифрлық оқыту құралдарын стратегиялық түрде қолдануға бағыт-бағдар бере алады, сондай-ақ шет тілін оқытуда технологияны тиімді интеграциялау бойынша болашақ зерттеулерге тың тұжырымдар ұсынады.





