ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.66.3.004Кілт сөздер:
құрылым, кәсіби құзыреттер, қашықтықтан білім беру, цифрлық құзыреттер, АКТ құзыреттері., онлайн, болашақ мұғалім, шетел тіліАннотация
COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтықтан оқытуға көшу жағдайында тек шетел тілін меңгерген коммуникативті құзыретті ғана емес, сонымен қатар онлайн кеңістікте цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары мен қабілеттері бар мамандарды даярлау қажеттілігі туындады. Қазіргі жағдайда цифрлық құралдарды, қосымшалар мен онлайн форматтағы платформаларды пайдалана отырыпб әріптестермен, оқушылармен және ата-аналармен тіл табыса алатын, сабақ жүргізетін, кері байланыс жасайтын, цифрлық ақпаратты іздей алатын дағдылары бар болашақ мұғалімдерді дайындау ерекше маңызды. Сондай-ақ университеттер үшін болашақ мұғалімдердің оқытуды тек офлайн режимінде ғана емес, онлайн форматта да жоспарлау, дамыту және өткізу дағдылары мен дайындығын дамыту қажет. Осыған байланысты осы мақаланың авторлары әлеуметтік қайта құрулар мен реформалар кезінде әсіресе өткір болып отырған қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімнің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мәселесін қарастырды. Қашықтықтан оқыту аспектісінде болашақ шетел тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттерінің құрылымын зерттей отырып, жұмыста кәсіби құзыреттерді жіктеутеудегі сан алуан тәсілдері сипатталған, мысалы: коммуникативті, әдістемелік, педагогикалық, тілдік (лингвистикалық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық, рефлексиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-ақпараттық, әлеуметтік-ұйымдастырушылық, когнитивтік, мәдениетаралық, тұлғалық, лингво-әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-мәдени, жалпы мәдени, грамматикалық, стратегиялық, дискурсивтік, әлеуметтік-лингвистикалық, филологиялық, арнайы, лингво-мультимедиялық, цифрлық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзыреттері. Осы жіктеулердің негізінде қазіргі қашықтықтан білім беру жүйесіндегі міндеттер мен мақсаттарға сүйене отырып болашақ шетел тілі мұғалімнің келесі құзыреттілігі айқындалды: тілдік құзыреттері, шетел тілінің коммуникативтік құзыреттері, психологиялықпен педагогикалық құзыреттері, әдістемелік құзыреттері, цифрлық (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) құзыреттері.